АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА “Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру”


Жусанбаева М. К.   – Қызылорда облысы, Шиелі ауданы 1 мамыр ауылы №40 А. Қыраубаев атындағы орта мектебінің педагог-зерттеушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні оқу орындарының алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді мамандар тәрбиелеп шығару. Сондықтан Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру дифференциациялап оқыту қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру дифференциациялап оқыту -білім алушылардың мүдделерін,бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі,яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру дифференциациялап оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді

Дифференциация латын сөзінен аударғанда- айырымдау, бөлшектеу, жіктелу, саралау деген мағынаны білдіреді. Даралаудың ерекшелігімен байланысты оқушының жеке тұлға бейнесін ашудағы оқушыға өзіндік оқу жолына түсуге мүмкіндік беруге, оның өзіндік қабілеттілік деңгейіне және оқу материалының көлеміне қатысты. Білім беру жүйесіндегі ішкі факторлар ең алдымен әр оқушының мүмкіндік қажеттіліктерінің әртүрлі болуы кәсіптік оқытудың пайда болуына себепкер болды. Дифференциациялау және даралап оқыту жүйесінде туындаған мәселелер уақыт өте жалпылама оқыту жүйесінде туындайды.Иа,бұл оқыту жекелеп,педагогтардың оқыту жүйесін оқушының қызығушылығына оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру арқылы жасалған.

Білім беруді  дифференциалдау – оқушының  өзіндік білім бағдарламасын құруымен ғана шектелмей, өзіндік жұмысты оқытушымен бірге отырып жүзеге асыратын ерекше процесс. Ал бұл оқыту технологиясы талаптарымен де толық үндеседі, өйткені бұл технологияның мәні – оқушының өзіндік шешімдеріне тәуелді болып келеді

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру дифференциалдық оқытуда топтарға түрлі ерекшеліктерге қарай бөледі:

1.Психологиялық ерекшеліктеріне қарай

2. Оқу үлгерімі бойынша бөлу

3. бағдарына қарай бөлу.

Аталған авторлық бағдарламада Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру дифференциациямда бағдар бойынша бөлінген, бірақ оқушыларды топтастырғанда оқу үлгеріміне көбірек мән берілген.

Сабақтың құрылымында білім оқушыларға дайын күйінде берілмей, проблеманы шешу түрінде беріледі, соның ішінде өздігінен шешуге. Сонда, Білім оқытудың мақсаты емес, проблеманы шешу құралы болу керек. Яғни алатын білімнің проблеманы шешу үшін қажет екендігін оқушы түсіну керек, сонда ғана оның қызығушылығы және белсенділігі артады. Оқушылар топқа бөлініп, проблеманы шешу үшін қажетті ақпаратпен жұмыс жасау керек, іздену керек, топтың ішінде талдап, шешу жолдарын қорытып, анализ жасау керек. Ал мұғалім тек қана керек кезінде барып, көмек беруіне болады.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі.

Ал Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Олай болса, мұғалімнің міндеті оқушыларды қоғамның қажеттілігін өтей алатын біліммен қаруландыру. Рудик бойынша айтсақ, өмірге қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды, сондықтан қазіргі уақытта бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осыған байланысты біздің ұжымның басты мақсаты-оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Сол мақсатпен мен сабақ құрылымын алдымен үш құзыреттілікке бағыттадым.

1. мәселені шешу – мұғалімнің шеберлігінен көрінеді, себебі, сабақтың құрылымында мақсат нақты қойылса, оған байланысты проблемалық сұрақ тақырыпты ашуға дұрыс бағытталса, мәселені шешу құзыреттілігі де дұрыс қалыптасады.

2. Ақпаратпен жұмыс – тапсырмалардың нақты болуына және топтағы оқушылардың жұмысына байланысты, ол үшін мұғалім тапсырмаларды дұрыс құрастыру қажет, оқушы тапсырманы алғаннан соң, ешбір сұрақ қоймай бірден түсініп, өздігінен орындап берсе, ол дұрыс құрастырылған, ал керісінше оқушы сұрақ қойып, мұғалім тапсырманың орындалуын түсіндіріп берсе, онда тапсырманың құрылымы дұрыс емес. Сондықтан әр тапсырма оқушының деңгейіне сай болуы керек, немесе топтағы оқушылардың деңгейіне сай болуы керек.

3. Коммуникативтік құзыреттілік- бұл да мұғалімнің шеберлігіне және технологияны тиімді пайдалануына байланысты, ең бастысы оқушылардың топта және жұпта жұмыс істеуіне байланысты.

Жоғарыда аталып өткен үш құзыреттілік қалай жүзеге асырылғандығын, мұғалімдердің белсенділіктері қай жерде көрінгендігіне тоқталар болсақ, ол үш деңгейде бағаланды

Авторлық бағдарламаның мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастырудифференциалды оқыту арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың білім деңгейін арттыру

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

-жалпы білім беруді білім алушылардың еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

-оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі қазақ тілі пәнін  тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

-білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету,оқушының білім алу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;

-білім беру мазмұнын жаңғырту және оның компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру

Оқу нәтижелері:

• Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге үйрету;

• Білім беруде оқушыны дәлелдерге мән беруге ынталандыру, шағын топтарда жұмыс істеу әдістерін тиімді қолдануға;

• Ойлау мен оқыту тәжірибесіне енгізуде, ақпараттар жинауда сын тұрғысынан талдау мен бағалаумен танысады.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Жұмысты толық көру…