АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Қызықты математика – 4 сынып


Жунускулова М.Б.   – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Түсінік хат

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің   Орта білім берудің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына  сәйкес әзірленген.  

4 сыныптың  «Қызықты математика – 4 сынып»  қосымша  курсына  аптасына  1 сағаттан, барлығы  36 сағат  бөлінген.

«Қызықты математика – 4 сынып» қосымша курсының басты мақсаты:

Баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.

«Қызықты математика – 4 сынып» қосымша курсының  міндеттері:

– Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.

– Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.

– Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.

– Шығармашылық ізденіске жетелеу.

– Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.

– Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.

– Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

«Қызықты математика – 4 сынып» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін  қарқынды дамытуға ықпал етеді.  Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық –бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады,күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.

Күтілетін нәтиже:

– Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді

– Әртүрлі кесте бойынша есеп  құрастыруға жаттығады

– Шамаларды салыстыра білуге үйренеді

– Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады

– Өз ойын дәлелдей  білуге жаттығады

– Проблемалық жағдаятты шеше алады

– Шығармашылықпен жұмыстана бастайды

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: «Қызықты математика – 4 сынып» қосымша курсы бағдарламасы

36 сағатқа (аптасына 1 сағат) есептеліп құрылған.

Толығырақ…