АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Математика өмірде


Ахметжанова Ж. К.   – Астана қаласы, Есіл ауданы Қадыр Мырза Әли атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің педагог-зерттеуші математика пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математиканың ғылыми негіздері туралы жүйелі біліммен және толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктілік дағдыларымен қаруландыру болып табылады. Осындай деңгейде білім алғанда ғана оқушылардың ақыл-ойы дамиды.

Математика сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа үйренеді, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушының ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі

– факультативтік сабақ.

Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші, оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті мен дарыны ұшталады. Логикалық есептер оқушының ойын дамытады және математикаға деген қызығушылығын арттырады.

Мектеп бағдарламасындағы математика пәні бір оқушының бойында қызығушылық тудырса, екінші бір оқушының бойында қиындық тудырады. Осы қиыншылықты қызығушылыққа айналдыру барысында факультативтік сабақта келтірілген тақырыптарды қолдану арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Оқушылардың мектептегі математика пәнінен алған білімдері сабақтастықты талап етеді, яғни факультативтік сабақ курсын оқу барысында тақырыптар кеңейтіліп, тереңдетіледі. Қарапайым логикалық, әзіл есептер шығару арқылы күрделіге қарай көңіл аудара отырып, оқушының өзіне деген сенімін арттыруға болады.

Сабақтастықтың түпкі мақсаты – оқушыларды жүйелі, сатылы дамыту, теориялық білімін практикамен, өмірмен байланыстыруын сәтті ұйымдастыру.

Факультативтік сабақ бағдарламасын оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты 5-сынып оқушылары үшін математика пәнінің оқу бағдарламасына сүйеніп, «Қызықты есептер әлемі» тақырыбындағы факультативтік сабақ бағдарламасы

ұсынылып отыр. Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына қажетті тапсырмалардың тиімді тәсілдерімен орындауға бағыт беру мақсатында құрылған және Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

Курстың негізгі мақсаты:

  • оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп, дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушыларды қиындатылған есептерді шешуге үйрету;
  • оқушылардың      математикаға      деген      қызығушылығын арттырып, қабілеттерін дамыту;
  • оқушылардың       математикалық        ойлау       қабілеттерін қалыптастыру және оларды оқуға үйрету.

Міндеттері:

  • жай бөлшектерді өмірдің элементтерінен тани білу;
  • пайыз, пропорция есептерін жедел түрде шығара білу;
  • ондық бөлшектерді оқып, жазып, оларға амалдар қолдана білу;
  • қызықты тапсырмаларды орындап, тақырыпты меңгеру;
  • оқу бағдарламасының тақырыптарын меңгеру;
  • математика        элементтерін        пайдаланып,        ребустер, сөзжұмбақтар құрастыра білу және оларды шешу.

Оқушы білуі тиіс:

  • натурал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білу;
  • мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алу;
  • пайыз анықтамасын пайдаланып, күрделі есептерді шығару;
  • кейбір сандардың шапшаң квадраттау тәсілін;
  • логикалық есептерді теңдеу арқылы шешу;
  • алған     білімдерін     практикалық     есептерді     шығаруда пайдалана білу.

Күтілетін нәтиже:

  • оқушыларды есептерді дұрыс шешуге үйретеді;
  • оқушы тапсырмаларды жеңіл әрі тез, тиімді тәсілмен шығаруды үйренеді;
  • оқушының ой-өрісі дамып, ойлау қабілеті артады;
  • қиындығы жоғары есептерді шығара алады;
  • шығармашылықпен жұмыс істеу белсенділігі жоғарылады.

«Математика өмірде»  факультативтік сабағының                   мазмұны:

  1. Натурал сандар және нөл – 5 сағат

Натурал сандар және нөл. Натурал сандарға амалдар қолдану. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Сандарға байланысты есептер. Сандарды салыстыру. Теңдеуді шешу.

  • Натурал сандардың бөлінгіштігі – 6 сағат

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар. Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10-ға бөлінгіштік белгілері. Дәрежеге байланысты есептер. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ). Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ).

  • Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану – 6 сағат.

Жай бөлшектер түрлері. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Жай бөлшектерді түрлендіру. Жай бөлшектерді қосу және азайту. Жай бөлшектерді көбейту және бөлу. Аралас сандарды қосу және азайту. Аралас сандарды көбейту және бөлу. Жай бөлшектерге байланысты логикалық есептер.

  • Мәтінді есептер – 3 сағат.

Жасқа байланысты есептер. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер. Қозғалысқа қатысты мәтінді есептер.

  • Ондық бөлшек – 4 сағат.

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектердің шығуы мен даму тарихы. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту, бөлу.

  • Жиын – 2 сағат.

Жиын және оларға қолданылатын амалдар. Бос жиын. Жиындардың бірігуі және қиылысуы.

  • Пайыз – 3 сағат

Пайызға байланысты есептер. Пайыз тақырыбына мәтінді есептер. Санның пайызын табу. Пайызы бойынша санды табуға есептер құрастыру, шешу.

  • Геометриялық фигуралар – 3 сағат.

Геометрияның шығу тегі. Геометриялық фигуралардың өмірде қолданылуы. Үшбұрыш. Төртбұрыш. Геометриялық фигуралардың құрылымы. Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор.

  • Шығармашылық сынақ жұмыстары. Қорытынды қайталау – 2 сағат.

Толығырақ…