АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Бастауыш сыныптарындағы математика және логика


Биахметова Р. Б.   – Абай облысы, Семей қаласы «№21 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Түсінік хат

Бастауыш сыныпта баланың абстрактілік ойлау деңгейі ой түйіндеуге өзінше танымдық тапсырмалар шешу кезіндегі логикалық ой қорытуға мүмкіндік береді.» Логикалық математика»үнемі жұмыс жүргізу,машықтық пен біліктілікті дамытуға көмектеседі.Осы бағдарлама тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды,сонымен қатар логикалық математикалық дайындықты күшейтетін,терең әрі жан-жақты математикалық білімді игеруді,математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені,оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады.Бағдарлама ұсынылған есептер мен жаттығулпр танымдық,тәрбиелік және дамыту мақсатын көздейді.

Бастауыш сыныпқа арналған «Бастауыш сыныптарындағы математика және логика» бағдарламасында көбейтудің тиімді тәсілдеріне арналған тапсырмалар,логикалық ой қорытуға арналған тапсырмалар,математикалық жұмбақтар,сиқырлы фигуралар және қызықты қоршаулар,геометриялықмазмұндағы және кеңістік туралы түсініктер дамытуға арналған тапсырмалар,комбинаторикалық және ықтималдықты анықтауға арналған тапсырмалар енгізілген.

«Бастауыш сыныптарындағы математика және логика» бағдарламасының негізгі мақсаты:

Жеке тұлғаның таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту.Коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға тәрбиелеу,рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.Оқушылардың логикалық ойлау,қабылдау әрекеттерін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

-Проблемаларды шешу,ақпараттық,коммуникативтік құзіреттері дамыған тұлғаны қалыптастыру;

Әр түрлі логикалық тапсырмаларды шешу арқылы өзін-өзі ашуға,өзіндік дамыға және өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру;

-Оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі пәндерді таңдауға білім алу әрекетінің ынталық деңгейін арттыру;

Оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытында математика элементтерін тиімді пайдалану;

Оқу әрекетінің формаларын даралау,оқушылардың өнімді және қайталама әрекетін ұштастыру және өз бетінше жұмыс істеу,оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру;

Күтілетін нәтиже:

Өз ойын-пікірін жеткізе білетін сөздік қоры бай,логикалық ойлау қабілеті дамыған,жан-жақты,іскер қалыптасты.

Толығырақ…