АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Ағылшын.KZ


Даулетова Г. С. – Шымкент қаласы, Абай ауданы, Т. Тәжібаев атындағы №81 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

«Ағылшын.KZ» атты факультативтік курс бағдарламасы тілдік қатынасты орнатуға көмек ретінде  мектеп оқушыларына арнап жазылған. Бұл курс оқушыларға жоғары талап деңгейінде жұмыс тәжірибесін алуға, білім алу жағынан өз мүмкіндігін бағалауға, оқушылардың оқу уәжін дамытуға көмектесуді көздейді. Курс аясында алған білімдері шет тілін білуді талап ететін кез-келген салада ағылшын тілін әрі қарай меңгеруге пайдалы болады.

Ағылшын тілі –  қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасы күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіліп оқытылуда. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесуі  біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды. Шетел тілін оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.  Қолданыстағы тілді үйрену – оқушыларға сол тілді қолдану маңыздылығымен, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Әлемдік тіл ретінде  бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгерту ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.

Бағдарламаның  мақсаты – ағылшын тілінде ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас жасауға үйрету.

Міндеттері:

  • оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
  • оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу;
  • ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту;
  • ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру;
  • оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту.

Күтілетін нәтижесі:

  • ағылшын тілінің негізгі грамматикалық құбылыстарын сөйлемде қолдана алады;
  • тілдік қарым-қатынас жасауға төселеді;
  • сөздіктермен жүйелі жұмыс арқылы тіл байлығы, сөздік қоры дамиды.

Өзектілігі:

Оқушы бойындағы ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытып, олардың ашылуына, өзін еркін ұстауға көмектесу,  оның рухани күшін нығайтып, өмірден  орнын  табуға септігін тигізу.

Пәнаралық байланыс: география, тарих, әдебиет, музыка, сәулет және бейнелеу өнері.

Ұйымдастыру формасы: Аралас сабақтар, өзіндік жұмыс, тақырыптық сабақтар, дөңгелек үстел, саяхат, ізденіс сабақтары.

Қорытындылау формасы: Шығармашылық тапсырмалар, презентация,  зияткерлік, іскерлік ойындар, тест жұмыстары.

Толығырақ…