РЕЦЕНЗИЯ №113 – 22.10.2022 ж.


Шымкент қаласы, Абай ауданы, Т. Тәжібаев атындағы №81 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Г.С. Даулетованың «Ағылшын.KZ» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Бағдарламада автор 34 сағаттық күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып жасаған. Курс мақсаты –   ағылшын тілінен оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, іскерлік тілін қалыптастыру, оқушы бойындағы ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытып, олардың ашылуына, өзін еркін ұстауға көмектесу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден  орнын  табуға септігін тигізу. Бағдарлама білім берудің негізгі талаптарына сәйкес келеді.

          Шетел тілін оқытудың артықшылығы – әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.  Қолданыстағы тілді үйрену – оқушыларға сол тілді қолдану маңыздылығымен, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыруды көздейді. Әлемдік тіл ретінде  бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгерту ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Осы тұрғыдан аталған авторлық бағдарламаны қажеттілігі зор.

          Ұсынылып отырған бағдарламаның практикалық құндылығы туралы айтар болсақ, жұмыста алынған нәтижелерді жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі сабағында, факультатив сабақтарда қолдана алады.

          Қорыта айтқанда, Г.С. Даулетованың «Ағылшын.KZ» атты авторлық бағдарламасы мектеп оқушыларының ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген ойдамын.

Тұран-Астана университеті,

Әлеуметтік-гуманитарлық және

тілдік пәндер кафедрасының

аға оқытушысы:                                                                     Ш.С. Актанова