РЕЦЕНЗИЯ №114 – 22.10.2022 ж.


Қызылорда облысы, Арал қаласы, Ж. Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Г.Ж. Әлімбаеваның «Қызықты информатика» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

          Г.Ж. Әлімбаеваның «Қызықты информатика» атты әдістемелік құралы информатика пәнін сыныптан тыс оқытуға бағытталған. Әдістемелік құрал екі бөлімнен тұрады: «Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі», «Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар».

          «Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі» бөлімі «Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі», «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары», «Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері» атты тараулардан тұрады.

          Екінші бөлім: «Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері», «Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері және оларды басқару», «Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері», «Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі», «Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен міндеттері» деген тарауларды қамтиды. Әдістемелік құралда сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойындар,  байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар, т.б. бірнеше формалары көрсетілген.

Жалпы Г.Ж. Әлімбаеваның «Қызықты информатика» атты әдістемелік құралын информатика пәні мұғалімдері өз игіліктері үшін қолдана алады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева