РЕЦЕНЗИЯ №117 – 22.10.2022 ж.


Түркістан облысы, Түркістан қаласы Р. Исетов атындағы

№20 жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

К.Р. Сайдалиевтің «Графика» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          К.Р. Сайдалиевтің «Графика» атты авторлық бағдарламасында «Adobe Photoshop» пәнінің бастапқы негіздері берілген.

          Бүгінгі таңда сканерлердің, цифрлы фотоаппараттардың пайда болуына байланысты адамдар жоғарғы өлшемді цифрлық бейнелерді алды. Бұл бейнелерді өңдеуге, қайта құруға, осының негізінде жаңадан бейне құруға, коллаж жасауға, т.б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік жасады. Осы курста фотосуреттерді өңдеуге және қайта құруға арналған Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасаудың жолдары көрсетілген.

          Adobe Photoshop – қазіргі замандағы дизайнның жан-жақты құралы ретінде цифрлық фотосуретті өңдеу әлемінде фактілі стандарт. Бағдарлама фотосуреттерді өңдеу мен қайта құру мүмкіндігінен басқа жоғары деңгейлі профильде, сонымен қатар Web дизайнда қолданылады. Бұл құралды меңгеру – көп уақыт бөлуді, арнайы әдебиеттерді оқуды, үнемі эксперимент жасап отыруды талап етеді.

          Бұл авторлық бағдарлама компьютерлік графика «Adobe Photoshop» пәнінің бастапқы негіздері ретінде орта мектеп оқушыларына арналып құрылған. Келтірілген материал оқу стандартына сәйкес пәннің өзгеріп отыратын үрдісін есепке ала отырып құрастырылған. Курс аптасына 1 сағаттан, жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

Жалпы К.Р. Сайдалиевтің «Графика» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдер өз игіліктері үшін қолдана алады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева