РЕЦЕНЗИЯ №116 – 22.10.2022 ж.


Алматы қаласы, Талғар ауданы, №29 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі З.К. Ибадятованың 

«Баланы  ауыз-әдебиет шығармалары арқылы оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейінділігін, тілін дамыту» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

«Баланы  ауыз-әдебиет шығармалары арқылы оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейінділігін, тілін дамыту» атты авторлық бағдарламада үйірлі мүшелердің синтаксистік категория екендігі, олардың жасалу жолы мен түрлері, оларды күрделі мүшеден, сөз тіркесінен, құрмалас сөйлемнен  ажырата білудің жолдары ұсынылған.

          Автор жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулықтың  (Авторлары: Г.Т. Тұрсынова, А.А. Қасымбек, А.Н. Нұрғазы) «Синтаксис» тарауында сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышты оқыту барысында құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлетіндігі көрсетілгендігін, осы үйірлі мүшелердің ережесін «Үйірлі сөздерден тұратын бастауыш», «Үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш», «Үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш», «Үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш», «Үйірлі сөздерден тұратын пысықтауыш» деп бергендігін және әрқайсысына бір-бір сөйлемнен ғана мысал келтіргендігін және бұл тақырыптардан соң оқушыларға арналған жаттығу жұмыстары өте аз берілгендін айтады және осы бағдарламада осы мәселеге ден қойғандығын тілге тиек етеді.

          Жалпы айтқанда, авторлық бағдарламаның мақсаты айқындалған. Дегенмен авторлық бағдарламаның тақырыбына өзгеріс енгізу керек не болмаса мүлдем ауыстыруды ұсынамыз. Бағдарлама 34 сағатқа есептелгенмен, авторлық бағдарламада тек тоғыз сабақтың жоспары ұсынылған.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

ф.ғ.к.:                                                                                Л.Н. Дәуренбекова