РЕЦЕНЗИЯ №123 – 09.11.2022 Ж.


Шымкент қаласы, «№92 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарих және география пәнінің мұғалімі Н.А. Арзикулованың «Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдары» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

           «Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдары» атты авторлық бағдарлама талапқа сай рәсімделген. Авторлық бағдарламаның рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары, әдебиет тізімдерін рәсімдеуі талапқа сай.

          Бағдарламаның педагогикалық тұтастығы, оның ішінде оқыту мақсаты мен тапсырмалардың сәйкестігі, оқыту әдістерін таңдау дәрежесі, теория мен практиканың ұштасуы сақталған.

          Мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру адамзаттың табиғатқа, қоршаған ортаға, қоғамға және жеке адамға деген көзқарасымен қатынасын түбегейлі өзгертудің, сөйтіп нағыз өркениетті адамның дамуын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Осы тұрғыдан келгенде бағдарлама тақырыбы бүгінгі күні өзекті. Оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі сақталған.

          Авторлық бағдарламаның ғылымилығы, яғни мәтінінің тілі, баяндау стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, экология отырған саласы бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары дәрежеде.

          Қорыта айтқанда, Н.А. Арзикулованың «Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдары» атты авторлық бағдарламасын пән мұғалімдері қосымша сабақтарында қолдана алады.

Ұсыныс: Бағдарлама мәтінін тіл мамандарына тексерту. Экология сөзі қате жазылған (3-бетте). Техникалық жағынан да жөндейтін тұстары бар (абзац, мәтінді ені бойынша қою).

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева