РЕЦЕНЗИЯ №124 – 09.11.2022 ж.


Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, «Үшарал Қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ бастауыш сынып мұғалімі Ж.А. Делегееваның «Сиқырлы қалам» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

           «Сиқырлы қалам» атты авторлық бағдарлама талапқа сай рәсімделген. Авторлық бағдарламаның рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары талапқа сай рәсімделген.

          Бағдарламаның педагогикалық тұтастығы, оның ішінде оқыту мақсаттарына жетуде таңдалған әдістері айқындалған. Сабақ жоспарларында теория мен практиканың бірлігі сақталған.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген, 20 сабақтың қысқа мерзімді жоспары ұсынылған. Пайдаланылған әдебиеттерді қолдана отырып, құрастырушы автор 36 сағаттық бағдарламаның мынандай бөлімдерден тұратындығын атап көрсеткен: 1) «Тұрмыс-салт жырлары»; 2)«Ертегілер еліне саяхат»; 3) «Аңыз-әңгімелер»; 4) «Шешендік сөздер».

          Авторлық бағдарламаның ғылымилығы, яғни мәтінінің тілі, баяндау стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, экология отырған саласы бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары дәрежеде.

          Жалпы, Ж.А. Делегееваның «Сиқырлы қалам» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында ұсынуға болады деп есептеймін.

Ұсыныс: Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеңіз.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева