РЕЦЕНЗИЯ №127 – 09.11.2022 ж.


ШҚО, Самар ауданы, Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы, «Абай атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы К.К. Курмангалиеваның «Қызықты математика» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

           Автор К.К. Курмангалиеваның «Қызықты математика» атты авторлық бағдарлама талапқа сай рәсімделген. Жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары талапқа сай рәсімделген.

          Бағдарламаның педагогикалық тұтастығы, оның ішінде оқыту мақсаттарына жетуде таңдалған әдістері айқындалған. Сабақ жоспарларында теория мен практиканың бірлігі сақталған.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Берілген тақырыптар  оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейін ескере отырып құрылған. Сонымен қатар, бастауыш сынып педагогтарының әдістемесі желісінде құрылған.Ұсынылып отырған тақырыптар тәжірибеде кеңінен қолданылу үшін толық сараптаудан өтілген. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өңделген. Оқушылардың ойлауын, зейінін, қызығушылығын арттыруда берілген сабақтарды қолдану тиімді.   

          Жалпы, К.К. Курмангалиеваның «Қызықты математика» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында ұсынуға болады деп есептеймін.

Ұсыныс: Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеңіз.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева