РЕЦЕНЗИЯ №126 – 09.11.2022 ж.


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №19 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.М. Куйтекенованың

«Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдыларын іскерлік тіл арқылы дамыту» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор Ж.М. Куйтекенованың «Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдыларын іскерлік тіл арқылы дамыту» атты авторлық бағдарламасы талапқа сай рәсімделген.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Ағылшын тілін мәтіндер және ақпараттар арқылы меңгерту оқушылардың сөз қорының деңгейін біртіндеп көтеруге себеп болады. Әр сабақтың соңында күнделікті қолданылатын лексикалық бірліктер молаяды. Оқу бағдарламасы тіл білімдерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жалпы ой-өрісінің дамуына да бағытталған.

          Бағдарламада оқыту мақсаты мен тапсырмалардың сәйкестігі сақталған, оқыту әдістерін таңдау дәрежесі, теория мен практиканың ұштасуы дұрыс.

          Бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы жоғары деңгейде.

          Қорыта айтқанда, Ж.М. Куйтекенованың «Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдыларын іскерлік тіл арқылы дамыту» атты авторлық бағдарламасы мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген ойдамын.

Тұран-Астана университеті,

Әлеуметтік-гуманитарлық және

тілдік пәндер кафедрасының

аға оқытушысы:                                                                     Ш.С. Актанова