РЕЦЕНЗИЯ №129 – 09.11.2022 ж.


Алатау ауданы, Қарасу шағын мөлтек ауданы, №1 бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Г.Х. Оразованың «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу, ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

           «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу, ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту» атты әдістемелік құрал талапқа сай рәсімделген. Жұмыстың рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, ақпарат көздеріне сілтеме берілуі, шрифты таңдауы, интервалдары, әдебиет тізімдерін рәсімдеуі талапқа сай.

          Әдістемелік құрал бес тарауға бөлінген: тәжірибе туралы ақпарат, тәжірибе технологиясы, тәжірибе нәтижелілігі, қосымша және пайдаланған әдебиеттер. I кезең – бастапқы – теориялық кезең  2022 жылдың қыркүйегі, ІІ негізгі кезең – тәжірибелік кезең 2022-2023 оқу жылы бойына, ал ІІІ кезең – қорытынды – бағалау кезеңі 2023 жылдың мамыр айына есептелген.

          Бүгінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту өте маңызды мәселе болып отыр. Әдістемелік құрал авторы баланың дамуына ата-аналарды да жұмылдырады. Бұл бағытта ата-аналарға сауалнама жүргізу, сауалнаманың қорытындысын шығару сияқты жұмыс түрлері ұсынылған. Бұған қоса ата-аналарға арналған кеңестер де бар.

          Әдістемелік құрал мәтінінің тілі, баяндау стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары дәрежеде.

          Қорыта айтқанда, Г.Х. Оразованың «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу, ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту» атты әдістемелік құралды тәрбиешілер де, ата-аналар да қолдана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева