РЕЦЕНЗИЯ №130 – 09.11.2022 ж.


Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі Ж.Р. Садыкованың

«Механика бөліміне күрделі есептерді шығару жолдары» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

          Автор Ж.Р. Садыкованың «Механика бөліміне күрделі есептерді шығару жолдары»  атты әдістемелік құралы талапқа сай рәсімделген.

          Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Физикадан есептер шығару» деп аталады. Аталған бөлімде эксперименттік есептерді шығарудың әдістемесі, физика есептерінің түрлері және оларды шығарудың маңызы, шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі қарастырылады. «Механика және молекулалық физика бөлімдеріне есептер шығару» деп аталатын екінші бөлімде механика, молекулалық физика бөлімдеріне есептер шығару, есептер шығаруда дербес электрондық есептеуші машиналардың маңызы сияқты мәселелер қамтылған. Үшінші бөлім қисық сызықты интегралдың көмегімен физикалық мазмұнды есептерді шығаруға, есептер шығаруда компьтерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттарына арналған.

          Әдістемелік құрал мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы жоғары деңгейде.

          Ұсыныс: Әдістемелік құралдың түсінік хатынан кейін жұмыстың мазмұнын қосыңыз. Әдістемелік құралдың мәтінін тексеріп шығыңыз. Жұмыстың 63-бетінде «менің дипломдық жұмысым», «дипломдық жұмысты» деген тіркес кездеседі.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева