«Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек іс-әрекетінің бастапқы нысандарын меңгерту»


Рахимова Асфира Сейтбековна

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі психология және арнайы пәндер оқытушысы

Топ: 4-ДО-1

Мерзімі: 18.01.2023 ж.

Өткізілу орны: №101 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту шеберханасы»

Сабақтың тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек іс-әрекетінің бастапқы нысандарын меңгерту»

Мақсаты:

Білім алушылармен өткен сабақты еске түсіру, қайталау, жаңа сабақ :«Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек іс-әрекетінің бастапқы нысандарын меңгерту»туралы түсінік беру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекетінің бастапқы нысандарын меңгерту,өз тәжірбиелерінде қолдана білуге үйрету.

-Топтық-бірлескен,ұжымдық жұмыс формаларын жетілдіру.

Білім алушылардың танымдық әрекетіндегі ой-өрістерін дамыту, өзіндік жұмыс түрі арқылы ізденіс- салыстыру, іс-әрекетті бағалау,рефлексия жасау әрекеттерін дамыту.

-Ақпараттық , пәндік, коммуникативтік құзіреттіліктерін  дамыту.

-Білім алушылардың  топта бірігіп жұмыс істеу сапасы мен өзара сыйластық қарым-қатынастарын және пәнге деген қызығушылықтарын  тәрбиелеу.

Оқыту технологиялары:АКТ, СТО (Сыни тұрғысынан ойлау) технологиясы.

Құрал-жабдықтар:интер-белсенді тақта , презентация слайдтар

Көрнекіліктер: әдебиеттер,топтық және өздік жұмыстарға үлестірілетін  таратпа  тапсырмалар, таблица-сызбалар бағалау парақтары.

Сабақтың түрі:дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік,топтық жұмыс, ізденіс-зерттеу жұмысы, салыстыру, ой қозғау,  «Постер», «Аквариум», «Халықаралық әуежай», «Тазалық» стратегиялары.

Негізгі ұғымдар:Қиял ,қиял ерекшеліктері, қиял түрлері.

Әдебиеттер:

1.В.С Мухина«Мектеп жасына дейінгі психологиясы» Алматы «Мектеп»;1986 ж

2.Қ.Жарықбаев «Жалпы психология» Алматы «Білім» 2004 ж

3. К. Жұмасова «Псхология»  Астана 2014ж

4.Ф.Жұмабекова «Психология» (Мектепке дейінгі кезең) Астана ж

5.   Ж.Қ. Дүйсенова, Қ.Н. Нығметова «Балалар психологиясы» Алматы, 2012 ж

6.   Р.Қ. Аралбаева «Мектепке дейінгі психология» Алматы, 2012 ж

Әдіс-тәсілдер Сабақ кезеңдері Оқытушы әрекеті Білім алушылар әрекеті
Ұжымдық-бірлескен. Ұйымдастыру кезеңі.   Білім алушылармен амандасу.Бүгінгі сабағымыз бірлескен,шығармашылық түрде өтеді деген ойдамын.Сәттілік тілеймін!. Оларды түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу.«Досыңа тілек» (ағылшын тілі, орыс тілінде) Білім алушылар үш  топқа бөлініп,топтық формада отырады. Бағалау парағын тарату.  
Сұрақ-жауап, пікір талас. Мотивациялық- қозғаушы кезеңі. «Миға шабуыл» Үй тапсырмасы. Практикалық тапсырма: әр жас топтарына байланысты таным ойындарын талдау. Оқу қызметінде болатын жағдаяттарды  шешу. Бейне-сюжетті талдау Бағалау парағын тарату. (Аktiv studio, аудио-нұсқаулар)
 «Ой қозғау» Өзіндік тексеру кезеңі.  «Аквариум» әдісі:дәрісбаян бойынша   Теориялық тапсырма. Таратпа – мәлімет арқылы  өзара оқыту,жаздыру. Бағалау парағын тарату.
Жаңа материалды   түсіндіру.     Жаңа сабақ жоспары: Білім алушыларға «Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек іс-әрекетінің бастапқы нысандарын меңгерту» туралы түсінік беру.  «Постер » стратегиясы әдісі. Жаңа сабақта бекіту.     Топтық жұмысы: «Постер » әдісі. Сызба модельдеу арқылы қағаз бетіне түсіру Бағалау парағын тарату.
  Сергіту сәті. «Халықаралық әуежай» Үш тілде(ағылшын тілі, орыс тілінде) термин сөздерді айту
Ізденуші-қозғаушылық . Жаңа материалды бекіту.                                         Көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қой.                                     Мектепке дейінгі баланың Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек іс-әрекетінің бастапқы нысандарын меңгертуге  байланысты. 1. Еңбек іс-әрекеті   балалардың … қойылатын талаптардың шеңберін анықтайды 2. Өнімді еңбекпен балалардың алғашқы танысуы:.. арқылы жүреді. 3. Еңбек нәтижесіне қол жеткізудің мәнін түсіне білгенде, оған алдына …тырысқан жағдайда ғана мұндай тапсырмаларды орындау еңбек іс-әрекеті болып шығады. 4. Еңбек тапсырмаларын бірлесе орындау кезінде балалардың … маңызы зор. 5. Өзге адамдар үшін белгілі мәні бар сыртқы нәтижесі айқын байқалатын жетістікті шамалайтын тапсырманы еңбек тапсырмасына жатқызуға болады. 6. Еңбек тапсырмаларына :..дайындау жатады. 7.Бірлескен еңбек іс-әрекетінде баланың… қабілет байқалады. 8.Еңбек іс-әрекеттерін түсіне білудің өзі психикалық дамудың өзіне тән … және балаларды … ретінде болашақ өмірге даярлайды. Бағалау парағын тарату. (LearningApps.)  
Сыни тұрғысынан ойлау технолгиясының «Бағдаршам» әдісі арқылы Қортынды СТО бойынша «Бағдаршам» әдісі Тақтада өз жауаптарын көрсетеді.
  Үй тапсырмасы.     Дәптермен жұмыс. Мектепке дейінгі балалардың еңбек әрекеттерінің түрлерін талдап, сызба құру.  
Өзіндік-жеке,топтық бағалаулары. Жеке бағалау парақтарына қорытынды баға қойылады. Білім алушылардың бағалауларымен қортынды баға шығару Өз парақтарын көрсету.