Дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып, халықтың көркем өнері арқылы студенттердің рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыру.


Кусаинова Асем Мейрамхановна

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі арнайы пәндер оқытушысы

Дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып, халықтың  көркем өнері  арқылы  студенттердің рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыру.

Әдістемелік жұмыстың өзектілігі: Бүгiнгi таңда ХХI ғасыр табалдырығын еркiн аттаған  азат ұрпаққа  тəлiм-тəрбие мен адамгершiлiк құндылықтарға тəрбиелеуде бiлiм берудiң айқын жолдарын жетiлдiрудегi басым бағыттарын айқындауда,  ұлттық санамен адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру көкейтестi мəселелердiң бiрi болып отыр.

Қазақ халқының ұлттық қолөнері –бұрынғы өткен бабаларымыздан бізге жеткен асыл мұра. Асыл мұраны, тарихымызды, көне мәдениетімізді қастерлеу, өркендету және жалғастыру –әрбір ұрпақ үшін қасиетті парыз.

          Әдістемелік жұмыстың мақсаты: Білім алушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, жаңа технологиялар арқылы балаларда бейнелеу өнеріне, көркем қол еңбек сабақтарында қызығушылығын арттыру жолдарын ұсыну және білім алушылардың сабақтарда, үйірме жұмыстарында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

         Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

  1. Білім алушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық аспеклерін талдау жасау;
  2. Бейнелеу өнері сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау;
  3. Бейнелеу өнері сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жаңа педагогикалық технологияларының бағыттарын көрсету.

Әдістемелік жұмыстың негізгі бөлімі:

Көп ұлт мекендеген Тәуелсіз Қазақстанның ерекшелігі де  этникалық білім берудің  қажеттігін туындатады.  Кез-келген халық ғасырлар бойы жинаған қоғамдық және әлеуметтік  тәжірбиесін, ата-бабалардан алмасқан тәжірбиеге өз үлестерін қосып келесі ұрпаққа  мәдениетін, тарихын  аманат етіп отырған. Ежелден келе жатқан тарих толқынында халық-үлкен күш, ол мәдениетті, тарихты жасаушы жалғыз таусылмас қазына, құндылықтардың  қайнар бұлағы. Сол таусылмас қазына мен қайнар бұлақтан  өркен алатын жас ұрпақты  халық дәстүрінде білім беріп, тәрбиелеу қазіргі білім саласының басты міндеті.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесiмен тәрбиеле» деген мақал бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру саласында халықтық педагогиканы енгiзе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын, мiнез-құлық мәдениетiн меңгеруде оқушылардың бойына ұлттық имандылық, адамгершiлiк, сыпайылық қасиеттерiн қалыптастыру.

Әдістемелік жұмыстың практикалық бөлімі:

Жас  болашақ мамандарды ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарды, рухани-мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жақты даярлау құзыреттiлiк тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады.

Ұлттық құндылықтарымызды жастарға насихаттауға қайсы бір пәннің болса да мүмкіншілігі мен жетістіктері мол.  «Метепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы, «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандықтарында  «Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі», «Технология және оқыту әдістемесі», «Көркем қол еңбегі практикумы», «Безендіру ісі» практиум сабақтарында    студенттерді  қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиедегі, оқу-тәрбие процесіне арқау ету керектігін күн санап сезінуде. Қазіргіуақытта жас ұрпақтың замануи, жаңаша  ойлап, әрекет етуі, кедергілерді жеңіп, табысқа талпынуы қуантарлық жайт. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»,-деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпақ емес.                               

Сурет 1. Колледждегі «Шебер қолдар» үйірме жұмысының көрме бұрышы.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда колледжда ұйымдастырылған «Шебер қолдар» үйірмесінің студенттердің білімі мен шеберлігін қалыптастыруға қосар үлесі зор. Үйірме жұмысы бірнеше бағытты қамтиды олар: кілем және гобелен тоқу, сыммен және ілмекпен тоқу, құрақ құрау, жүнмен жұмыстар сырмақ, қоржын тұрмыстық бұйымдар жасау. Үйірме сабақтарына 1-4 курс студенттері қамтылған, өздерінің икемділігі, қалауы бойынша осы бағыттар бойыйнша жұмыс жүргізіледі. Осы үйірме жұмыстарында студенттердің шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, өздері тоқып, құрастырып жасалған еңбектері бағаланады және жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелер мен колледж базасындағы танымдық стендтардан  көруге болады. Бұл үйірмеге қатысатын студенттердің әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.

        Сурет 2. Ши тоқу өнері.

    Бүгінгі студент – ертеңгі болашақ маман иелеріне қолөнердің сырын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың өнер салаларындағы шығармашылық іс-әрскеттерін дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени бай мұраларын игерту, туған халкының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне танымдық көзқарастарын қалыптастыру, колөнерге қызығуларын ояту, қазіргі кезеңдегі балбақшадан бастап жоғары оқу орындарының, білім беру жүйесінің барлык саласындағы имандылық тәрбиенің негізгі басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Әдістемелік жұмыстың қорытынды бөлімі:

Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – әлемдік кауымдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілсттілігін арттыру. Сондыктан қазіргі заманға бейім, экономика талаптарына жауап беретін жан-жакты дайындығы бар білікті, іскер маман даярлау орта және арнаулы, жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Жұмыс барысында ұсынылған гипотеза расталды, оған сәйкес жоғары оқу орнында болашақ «Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту» мамандығының студенттерiнiң рухани-адамгершiлiк дамуына психологиялық-педагогикалық дайындығын жетiлдiру мүмкiндiгi жүзеге асырылады, егер болашақ мамандардың кәсiби даярлау үдерiсiне құрылымдық-мазмұнды модельі және кешендi бағдарлама енгiзiлетiн болса, онда болашақ педагогтардың  рухани-адамгершiлiк дамуына психологиялық-педагогикалық дайындығы тұлғаның интегративтi қасиетi ретiнде тиiмдi қалыптасатын болады. Өйткенi оқытудың практикалық-бағдарлы сипаты, оқу iс-әрекетiнiң белсендi нысандары мен әдiстерi iске асырылады. Осыған байланысты, егер даярлаудың көп компоненттi процесiн кезең-кезеңмен жүзеге асырса, болашақ мұғалiмдердiң рухани-адамгершiлiк дамуына психологиялық-педагогикалық дайындық үдерiсi тиiмдi болатынын атап өту керек.