РЕЦЕНЗИЯ №0147 – 10.03.2023 ж.


Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, «Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпыға бірдей білім беретін мектеп», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Е.Тулепованың «Қазақ тілі сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері» атты авторлық бағдарламасына

Автор А.Е.Тулепованың «Қазақ тілі сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері» атты авторлық бағдарламасы  мектеп оқушыларына  арналған және 36 сағатқа есептелген.  Бағдарлама талапқа сай рәсімделмеген. Бағдарлама мәтінінде ақпарат көздеріне сілтеме берілмеген. Әдебиет тізімдері дұрыс рәсімделмеген.  

          Бағдарлама үш бөлімнен: түсінік хат, мазмұндық бөлім және ақпараттық бөлімнен тұрады. Бағдарлама оқушыларға тіл білімі салалары бойынша талдау жұмыстарын үйрете отырып, қазақ тілінің байлығын, сөз сыры мен көркемдігін ұғындыруға негізделген.

          Бағдарламада сабақтардың қысқа мерзімді жоспары берілген. Сабақ жоспарлары инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы құрастырылған.

          Бағдарламаның тақырыбы өзекті. Ғылымилық дәрежесі орташа. Қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппараты толық пайдаланылған.

Ұсыныс: 1) Түсінік хатта бағдарламаның 36 сағатқа бөлінгендігі туралы ақпарат берілген, алайда күнтізбелік – тақырыптық жоспарда 34 сағат деп көрсетілген; 2) Пайдаланылған әдебиеттер тізімін дұрыс рәсімдеу керек. Аталған ескертулер түзетілгеннен кейін, авторлық бағдарламаны тәжірибе алмасу мақсатында мектеп мұғалімдеріне ұсынуға болады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,филология ғылымдарының кандидаты:                        Л.Н. Дәуренбекова