РЕЦЕНЗИЯ №0148 – 10.03.2023 ж.


Қарағанды облысы,  Шет ауданы,  Еркіндік ауылы, «Еркіндік ЖББ мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі А.У.Аубакированың «Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен оқу жаттығулар жинағы» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор А.У.Аубакированың «Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен оқу жаттығулар жинағы» атты авторлық бағдарламасының рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, шрифты таңдауы, интервалдары талапқа сай.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Бағдарламаның өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі, өзектілігінің негіздемесінің болуы, жасап отырған бағдарламаның жаңалығы) айқындалған.

          Авторлық бағдарламада бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар енгізілген. Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауы, зейіні, есте сақтауы, өзіндік бағалау және қорытынды жасауы қалыптасады. Оқушылар өздерінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды үйренеді.

          Авторлық бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Жалпы, А.У.Аубакированың «Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен оқу жаттығулар жинағы» атты авторлық бағдарламасын бастауыш сынып мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева