РЕЦЕНЗИЯ №0156 – 17.03.2023 ж.


Атырау облысы, Жылыой ауданы, «№20 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі Э.Т.Садыкованың «Физикадан эксперименттік есептер шешу жолдары» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор Э.Т.Садыкованың «Физикадан эксперименттік есептер шешу жолдары» атты авторлық бағдарламасы талапқа сай рәсімделген.

          Бағдарламаның танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары мен тапсырмалар жиынтығы сәйкес келеді.

          Аталған бағдарламаның мақсаты – физика пәні бойынша оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға негізделген тапсырмаларды құрастыру, жинақтау. Осы мақсатқа жету үшін автор эксперименттік есептер шығарудың әдістемесін жасауды және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеруді міндет етіп қояды және 36 сағаттан тұратын сабақ жоспарларын ұсынады. Сабақтар топтық жұмыстар арқылы өткізуге негізделген, топ мүшелері өздерінің жұмысын «Қашан? Қайда? Қалай?» деген үш сұраққа жауап беру арқылы, дескрипторға сүйене отырып бағалайды.

          Бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Қорыта айтқанда Э.Т.Садыкованың «Физикадан эксперименттік есептер шешу жолдары» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады деп санаймын.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институтының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева