РЕЦЕНЗИЯ №0157 – 17.03.2023 ж.


«Маңғыстау облысы білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектеп» КММ биология пәнінің мұғалімі А.Ж.Саргожаеваның «Биология пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор А.Ж.Саргожаеваның «Биология пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты авторлық бағдарламасы талапқа сай рәсімделген.

          Бағдарламаның танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары мен бағдарламада ұсынылған тапсырмалар жиынтығы сәйкес келеді.

          Аталған авторлық бағдарламада жаңартылған білім стандарты ережелеріне сәйкес 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін күнтізбелік тақырыптар түзіліп, әрбір тақырыпқа сәйкес сабақ жоспарлары құрылған. Авторлық бағдарламада тіршіліктің пайда болуы, өсімдік, жануарларға қатысты өтілетін сабақтар, дидактикалық тапсырмалар берілген. Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған тапсырмалар арқылы өз ойын ашық айтуға, өз іс-әрекетіне қорытынды жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді деп күтілуде.

               Бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Қорыта айтқанда А.Ж.Саргожаеваның «Биология пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады деп есептеймін.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институтының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева