Кіріктірілген сабақ “Дегелеңдегі жарылыс”


Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,

Ақкөл ауылы
Абай атындағы орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Утегулова Сания

« Кәрі Шыңғыстың қасіреті»

Мақсаты: Танымдық:Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиға, идеяны ұғындыру. Полигон, сынақ, атом бомбасы жайлы білімдерін кеңейту.

Дағдылық: Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауын дамыту, болжау стратегиясын пайдаланып, дәлелді сөйлеуге, дискуссия жүргізе білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғау, туған жерді аялау, басқа адамға мейірімділікпен қарау қасиеттерін дамыту.

Сабақ типі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: Дискуссия, топтық жұмыс, ой қозғау стратегиясы, ой толғау.

Сабақтың көрнекілігі: Атом бомбасының жарылуы (сурет), Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы «Бейбітшілік кіндігі», Полигон сынағының құрбандарының суреті. Диапроектор, диафильм

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: 1.Топтастырып отырғызу

  1. Психологиялық дайындық:

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ жері өнерлі, өсиетті.

Елі кедей болмаған-жері байтақ

Елі текті, киелі, қасиетті

  1. Сабақ тақырыбын жариялау.
  2. «Қасірет» ассоциациясын құру

2015-11-21_231758

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. «Дегелеңдегі жарылыс» мәтінің, мазмұнын айту

І топ бастайды, келесі топ жалғастырады.

  1. Дүниетану сабағымен байланыстыру арқылы Семей полигоны туралы айту.
  2. Сөздік жұмыс. Полигон, сынақ, Диафильм көрсету
  3. Теріп оқу (әр топқа тапсырма беру)

Ой қозғау. Оқушылардың дайындағын хабарламалары. Әр топтан 1 оқушы полигонның зардабы туралы хабарлама жасайды.

  1. Мәтінді өз бетімен жалғастыру.
  2. Мұғалімнің сөзі. Н.Назарбаевтың кітабы «Бейбітшілік кіндігі» үзінділер оқу.
  3. Инсерт стратегиясы.
  4. Өздері жазған өлеңдерін оқыту.
       Білемін      Бүгін білдім      Білгім келеді
 

 

   

 

 

Қорытындылауға арналған сұрақтар:

  • Семей полигоны дегеніміз не?
  • Семей полигоны нешінші жылы ашылды?     (1989)
  • Сол жылдары неше рет жаратылыс болды?   (500)
  • Мәтіндегі оқиға нешінші жылы болды деп ойлайсың?

1954-1956 жылдары

  • Сенің туған жеріңде мұндай оқиға болды ма?
  • Мәтіндегі жер, тау аттарың атаңдар.
  • Невада-Семей қозғалысы нешінші жылы құрылды? (1989)
  • Невада-Семей қозғалысының жетекшісі кім? О.Сүлейменов
  • Невада-ненің аты? (АҚШ-та полигон болған қала)
  • Семей полигоны нешінші жылы жабылды? (1991)
  • Н.Назарбаевтың Семей полигоны жабылуы туралы жарлығын оқу.
  • Топ басшыларының бағалауы, мұғалімнің бағалауы.

 

ІІІ. Үйге тапсырма беру:

  • «Кәрі Шыңғыстың қасіреті» мәтінін түсініп оқу.
  • Семей полигоны болған жердің қазіргі жағдайы туралы мәлімет жинау.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *