Қазақ хандығына – 550 жыл


Койманова Камшат Абдихаликовна 
Тарих пәнінің мұғалімі
Құрық орта мектеп гимназиясы 

Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы

Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендері бойына келіп, Қазақ хандығын тұрғызды. Қазақ тарихындағы жаңа беттің ашылып, қазақ ұлтының қалыптасуы еді. Ел болып қалыптасқалы түбегейлі өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларға толы болды. Хандық күшейген сайын халық саны да артып, жер көлеміде ұлғайды. Мұхаммед Хайдар Дулати-қазақ хандығын толығымен суреттеп қағазға жазған алғашқы қазақ тарихшысы. Дулат тайпасынан шыққан ол Кашмир елінде басшылық ете отырып, Орта Азия елдері жөнінде көптеген мәліметтер қалдырды.

Қазақ халқы үш жүзден құралды. Әрбір жүз пен рудың өз алдына жеке таңбалары мен ұрандары бар. Жүзге жатпайтын рулардың да таңбалары мен ұрандары сақталынған. Олар әртүрлі себептермен қазақ халқының құрамына кірген. Әрине, жүзге бөліну жауларымыздың ру мен жүздер арасына қақтығыстар туғызу арқылы өз мақсаттарын іске асырып отырды. Бірақ, қазақ хандығының үш жүзді басқарған билер жүйесі өте пайдалы еді. Би ханның кеңесшісі қызметін атқарып, қарабайыр халық пен ханды байланыстырып, жүзге, руға бөлінген елдің ұйытқысы бола отырып, ұлттың мүддесін өте жоғары дәрежеде қорғап отырды. Үш жүздің билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Әз-Тәуке ханмен бірігіп, жоңғарды тарих сахнасынан жойды. Әз-Тәуке хан өзінің дипломатиялық, әрі әскери шеберлігін көрсетті. «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұламада» көптеген қазақтар Қытай жеріне өтіп, шалғайда атамекенін аңсап қалды. Ал, қаншамасы мерт болды.

Киелі Түркістан қаласы – қазақ хандығының рухани, діни, мәдени және саяси астанасы. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылып, күллі қазаққа, мұсылман қауымына зиярат орнына айналды. Онда Әзірет Сұлтан, Есімхан, Тәуке хан, Қаз дауысты Қазыбек би және т.б. ХV-XVIII ғғ. қазақ тарихындағы ірі тұлғалар жерленген. Түркістан – орта ғасырлық қала іспеттес, нағыз қазақтың рухани, әрі мәдени орталығы. Кесенедегі Тайқазанда тарихымызда алар орны ерекше. Ленинград қаласындағы мұражайдан әкелініп, кесенені одан әрі сұлулығыментолықтыра түсті. Ислам Орта Азияға келгенге дейін қазақтар жерге, отқа, суға, Көк Тәңірге, Ұмай анаға табынған болатын. Ғалымдардың айтуйынша, тайқазандағы төмпешіктер Ұмай ананың киелі сүтімен байланыстырылады.

Қазақ хандығының Ресей империясының қол астына өту кезеңі

Кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа өткеннен бастап, жалпы қазақ даласына Ресейдің отарлық саясаты басталды. Қазақ арасындағы рушылдық-тайпалық бөлінудің арқасында Ресей империясы толықтай бодандыққа алып, орыстарды шұрайлы жерлерге орналастырды. Қазақтың тұңғыш ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев, географ және зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ағартушы Ыбырай Алтынсарин орыс білімінен сусындап, еуропа біліміне қол жеткізген болатын. Шоқан орыс экспедициясына басшылық ете отырып, Қашғарияға сапары зерттеуін жүргізеді. Қазақтың Шоқаны мен орыс жазушысы Михаил Достоевскийдің арасындағы достығы жөнінде мына сөздер дәлелдейді: «Сіз маған мені жақсы көремін деп жазыпсыз, ал мен сізге ғашық болып қалдым дегім келеді. Мен ешқашан да, ешкімге, керек десеңіз, туған бауырыма да мұндай бауырмалдықты сезінген емеспін. Мұның қалай екенін бір құдайдың өзі білер.» Абай грек ойшылдарынан нәр алып, олармен өз ойының ұштасқанын аңғарады. Ең алғашқы қазақ мектебін ашқан Ыбырай қазақ тілінің әліппесін құрастырып, халықтың сауатын ашты.

Ескі Сарайшық қаласы Атырау қаласынан 45 шақырымдай жерде орналасқан. Онда қазақтың жеті ханы жерленіп, мұражайда ашылған. Бұл – Кіші жүз руларының хандарының тарихи астанасы болған қала. Жайықтың бойында қала үйінділері әлі де сақтаулы.

Маңғыстаудағы Шетпе кентіне жақын маңда Қызылқала үйінділері де сақталынған. Қазақтарға қорған болған Шерқала тауынан қашық емес. Ақтау қаласынан 200 шақырымдай жерде Ақкетік қаласы орын тепкен. XIX ғасырда орыс империясы Каспий жағалауында Ново Петровск бекінісін тұрғызған. Украин ақыны Тарас Шевченко айдауда осы жерде болғандықтан, көп уақытқа дейін соның есімімен аталып жүрді.

Кеңес Одағы дәуіріндегі Қазақстан

Кеңес дәуіріндегі аштық, репрессия, Ұлы Отан соғысы қазақ халқының тарихында қайғылы іздер қалдырды. Өзге елдерге қоныс аудару орын алып, қазақ халқының саны күрт азаюына ықпал етті. Отаршылдық саясатқа халық бірнеше рет қарсы шығып, мысалы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Адайлар көтерілісі жеңіліске ұшырап отырды.

Мәдениет саласын жаңа деңгейге көтерген азаматтар да болды. Қазақ халқының әндерін Парижде Әмре Қашаубаев паш етіп, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов, «Абай жолы» романының авторы Мұхтар Әуезов, ең алғашқы дипломат Таир Мансуров және т.б. азаматтар көп еді.

Ахмет Байтұрсыновтың құрастырған төте жазуымыздан айырылып, кириллицаға ауыстырылды. Расул Ғамзатов айтқандай: «әлдекімді ауруынан ана тілі сауықтырады, мен ана тілімде ән айтамын. Егер ертеңгі күні менің тілім жоғалып кетсе, мен бүгін өлуге дайынмын.» Тек қана Шыңжаңдағы қазақтар ғана төте жазуды сақтап қалған. Қазіргі таңда қазақ тілінің сұранысы өте төмен. Қазақ мектебін тәмамдаған адамдарға жұмысқа орналасуда ауыр.

Қазақ ұлтының мүддесін көздеп, өз өмірлерінен де елді жоғары қойған азаматтар қуғын- сүргінге түсіп, итжеккенге айдалып, атылып кетті. Міне, қазақтың бетке ұстар қаймақ азаматтарынан айырылдық. Бірақ, аққа Құдайда жақ деп, олардың есімдері мен істері ақталып, өз бағаларын да алды.Ұлы Отан соғысында қайтқан қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк не деген мәрт еді. Ал, Жамбыл Жабаев өз әнімен ленинградтықтарға қанат бітіріп, демеу болған еді. Соғыс кезінде қазақ еліне көптеген ұлттар қоныс аударылып, қазақтар өз астарынан бөліп беріп, өнеге көрсете білген ұрпағына. Сол үшін де ата-бабалырымыздың алдында үнсіз бас иіп, үлгі тұталық.

Көк ту астындағы егеменді Қазақстан

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы егемендікке бастаған ең алғашқы қадам болып табылады. 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан соң, Колбин мүлдем Қазақстаннан кетіп, 1991 жылы айымыз оңынан туды. Қасиетті шаңырағымыздың үстінен көк туымыз желбіреп, бабалар аңсаған арманымызға қол жеткіздік. Әрине, ол оңай келген емес. Қаншама қиыншылықтыр, құрбандықпен жетті десеңші?!

Мұхтар Шахановтың өлеңіндегі төрт ананы қорғаған 1986 жылдың жастары егемендіктің көк туын көре алмай, қыршынсыз кетті. Өз ұлтына ғана емес, өзге республикаларға да үлгі болды- ау сол жастар! Міне, біз өзімізді бақыттымыз деп айта аламыз тәуелсіз елде көк туымыздың астында өмір сүрудеміз.

Қазақ халқының басынан небір сұрапыл замандар өтсе де, ұлттық рухы мен тілін, алып жерін сақтап қала білген бабаларымыз нағыз мықты батырлар! Тек қана қазаққа ғана емес, өзге ұлттарға да өнеге бола білген, Москва үшін шайқасқа қатысқан Бауыржан Момышұлы Кеңес заманының өзінде өз тегінде қазақша сақтағаны не деген ерлік?!

Орта Азияның барысына айналған қазіргі Қазақстан ата-бабаларымыздың арманы болар. Өзге елдермен еңсемізді тең ұстап, білім мен ғылымға мүмкіндіктер ашыла түсуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ» бағдарламасымен жастарды шетелдерде, соның ішінде дамыған елдерде оқыту арқылы дамыған экономиканың озық технологиясынан тәжірибе алып, елімізге ендіру, әрі Азияның барысына айналуға қатты мән береді. 150 ұлтпен бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүрудің өзі – халқымыздың дархан мінезі мен кеңдігі деп білемін. Қазаққа ала көздеген көрші елдерден қорғана да отырып, татулық қатынасты сақтай алған қазақтар нағыз дипломат халық. Қытайда 56 ұлттың балаларын өз баласындай асырап, қамқор болған қазақ ананың өзі мейірімділік пен ізеттіліктің символындай, әрі татулықтың белгісі болып қалмақ өзге ұлттарға.

unnamed (2)

Қорытынды

Менің ойымша, Қазақстанда әлі де болса, білмейтін елдер, танымайтын адамдар көп. Әрине, мұнайдың арқасында көптеген елдер төлқұжатыңнан танып жатады. Өзім мұнайлы қала Жаңаөзенде туып өскесін, мақтаныш. Грекиядағы Салоники қаласында Аристотель мектебінде оқып жүргенімде, қатты ойланып толғанған болатынмын. Грекия тек қана туризммен өмір сүріп отырған ел. Шикізат-жоқтың қасы. Еуропалық одаққа кіргелі, олар дағдарысқа тез түсіп кетті. Себебі, өз қаражатынан, ана тілінен де айырылды. Дегенменде, мұғалімдер, дәрігерлер жақсы жалақы алатын. Өз мәдениетін қолдау мақсатында көптеген шаралар жүргізіледі. Менде сондай стипендияға ие болдым. Грекия елінің егемендігіне 185 жылдығына орай «Грекия-Қазақстан қарым-қатынастары» жөнінде шығарма жазған болатынмын. Елшіліктің бірінші жүлдесінде алдым. Менің түйгенім, қазақ тілі мен мәдениетінің ошақтарын ауыл, аудан, өңір деңгейінде 21 ғасыр талаптарына сай жоғары сатыға көтеру. Ірі қалалар Астана, Алматыда ғимараттар заманға сай болуы мүмкін. Себебі, біздің мұражайларымызды, қазақ театрларымызды, қорықтарымызды жергілікті халықтың, қазақтың өзі өте сирек барады. Ол дегеніңіз мәдениет пен тілге деген алшақтықтың белгісі. Халыққа тегін қылып, балалар алаңдарын қарастырып, асхана бөлімдерін салып, жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, мағлұматтарды жарға не үстелдерге бекітілген компьютерлерден алатын болса, кейбір шараларды өткізуге халыққа колжетімді қылу керек. Гидтер үш тілді жетік меңгеріп, кез-келген шетелдіктерге мәдениетімізді жеткізуі тиіс. Мұражай – ол халықтың, ұлттың мұрасы мен рухын, тарихын атадан балаға сақтап жеткізетін киелі мекен, алтын қор. Ал, театр – ол халықтың тілі мен мәдениетін, жан дүниемізді саралап, адами қасиеттерге баулитын, салт-дәстүрін үгіттеп, санамызға және жадымызға мәңгілік қондыратын қасиетті орын. Халықты, оның ішінде балабақша және мектеп оқушылары, жұмысшыларды, шалғайда жасайтын адамдарды және т.б. осы салаларға тарту акциясын өткізу керек.

Егерде мұражай, қуыршақ театр мен драма театрларға адамдардың бару саны көбейсе, ішкі туризмге де сұраныс көбейе түседі. Керемет жерлерімізді мұражай арқылы алған мағлұмат оларды көруге итермелей түспек. Ол дегеніңіз халыққа жұмыс пен табыс көзі, еліміздің бюджетіне қаржы. Өз қаражатымыз өз қорымызда қалып, көбейе түседі. Маңғыстау 362 әулиелі орын. Жер асты мешіті, табиғатының сан алуандылығы мен ерекшелігі адамның көзінің нұрын алады. Пір Бекет- атаға зиярат етушілерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Барлығын бір жүйеге енгізіп, ысырап пен рәсуаны ескеріп, рухтарына залалсыз шешімдерін қабылдаған жөн.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мәдени орындарда атап өту арқылы мұражай мен театрларға сұраныс көбейер еді. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы, татулығы мен дархандығына, ізеттілігі мен ізденімпаздығына Аллахтың нұры жаусын!

10430489_887319574638559_351456512078895256_n 11036483_887319567971893_6470979574464126648_n 12011296_887319557971894_8977661377930235698_n

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *