Әлеуметтік- экономикалық пәндердің дәрістерінде жобалар әдісін жүзеге асыру


Ж.М.Зейнегабиева тарих пәнінің оқытушысы

Қарағанды қаласының медицина колледжі

«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан- жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек».

Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан

 

 

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат- еліміздегі білім беруде білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болуы емес, теориялық, нормативтік- құқықтық, психологиялық- педагогикалық, дидактикалық- әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан- жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.

Осы орайда, «Сабақ беру- үйреншікті жай шеберлік емес, ол- үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Ж.Аймауытовтың сөзі қазіргі уақытта да өз құндылығын жойған жоқ.

Студенттерге білім беру бағытындаға оң қадам- олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде қолдауына жол ашатын жаңа технологиялар. Сабақ жүргізу барысында қазіргі заманғы технологияларды пайдалануға ұмтыламын, олар- ақпараттық- коммуникациялық технология, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту.

Солардың бірі ретінде жобалау технологиясын атап өткім келеді.

Жобалау технологиясы- білім алушылардың жоспарлау және күрделене беретін тепсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Оның негізгі мақсаты- оқушыны білім алуға және сол білімін болашақта нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.

 

Жобалау технологиясын қолдануда білім алушы мен оқытушының әрекеті:

Білім алушының іс- әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті
Студент- оқыту субъектісі Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы
Мақсатқа дербес өз іс- әрекетімен жетуші белсенді субъект Бағыт- бағдар беруші, кеңесші
Өзін- өзі және бір- бірін оқытушы Студенттің жетістігін құптаушы
Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі Ынталандырушы, мақсат қоюшы
Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға Мақсаттарға жетелеуші

 

Жоба түрлері: 1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы, моножоба, пәнаралық; 2) пәндік- мазмұндық сипатына қарай: моножоба, пәнаралық; 3) қарым- қатынас тәсіліне қарай: тікелей қарым- қатынас, коммуникациялық технология; 4) үйлестіру сипатына қарай: тікелей, жаңама; 5) байланыс сипатына қарай: аймақтық, оқу орнында орындалатын және халықаралық; 6) қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, топтық; 7) орындалу уақытына қарай: қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік деп іштей топтастырылады.

Бұл технологияның артықшылығы да көп:

1) жоба жұмысын орындау арқылы студент өздігінен шешім жасауға үйренеді,  жобаны орындау логикасын анықтайды;

2) бұл технология студенттің білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді;

3) студент тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады;

4) жобалау аясында ынтымақтастыққа, бірлікте жұмыс істеу идеясы бар.

(Бүгінгі білім алушы, ертеңгі маман өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге

қалыптасады)

5) жобалай оқыту технологиясы шығармашылық белсенділікті тудырады;

6) жобалау технологиясы оқытушыға да, студентке де жауапкершілік жүктейді әрі өзіне деген сенімділігін арттырады;

7) жобалау жұмыстары өзара жарысты, талас пікірді, белсенділікті талап етеді.

Жобалай оқыту технологиясының негізінде білім нәтижесін құзыреттіліктер деңгейінде қалыптастыру жүзеге асады.

  1. Коммуникативтік құзыреттілік (студент қажетті материалдарды тауып оқиды, оқытушы кеңестерін және кереку ақпараттарды БАҚ көздерінен тындап түсінеді, сұхбат барысында өз ойын, болашақ жоспарларын айтып, идеясын түсіндіреді және т.б.)
  2. Ақпараттық құзыреттілік (ақпаратты сыни тұрғыда талдайды, логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өз мүмкіндігінше өңдейді және т.б.)
  3. Проблеманы шешу құзыреттілігі (студент білімді өздігінен алуға, білімді өз қажетіне, мақсатына лайықтап қолдануға үйренсе, өздігінен ізденіп, кез келген проблеманы шешуге дайын болады).
  4. Мәдени- танымдық құзыреттілік (болашақ өмірде өзге халықтың мәдениеті мен ұлттық болмысын тану арқылы олармен бірлесе қызмет ету дағдыларын қалыптастыру,мәдени әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижесінде қол жеткізілетін ерекше құзыреттілік).
  5. Әлеуметтік- мәдени құзыреттілік (студенттің қоғамдық ортада өз орнын белгілеуіне, басқалармен тіл табыса отырып, ортақ мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады).

Мен сабақ беретін топтарында студенттер төменде берілген тақырыптар бойынша топпен, жұппен ақпараттық, шығармашылық жоба жұмыстарын әзірлейді.

  • 20-30 жж. Қарағанды медицинаның жайы
  • Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин
  • 20-30 ж. кеңес дәуіріндегі Қазақстанның кинематографиясы
  • Аты аңызға айналған Жәмилә Шашкина
  • ХХ ғ. оқиғалардың менің отбасымның тарихына тигізген әсері

Білім алушылар жобалық жұмыстар негізінде шығармашылықтарын дамытты:

  • Ақын- жазушылар шығармашылы бойынша бейне баяндар дайындау,
  • Танымдық тақырыптарға ойтолғау, эссе жазу,
  • Қоғамдағы болып жатқан әртүрлі өзгерістерге байланысты пікір айту,
  • Ақпарат құралдарын пайдалану.

Конфуцийдің «Естігенімді- ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін» дегені- бұл технологияның негізгі ұстанымы.

Еліміздің жарқын болашағына қызмет ете отырып, ақыл- ойы дамыған, шығармашылық әрекетке бейім, өзіне- өзі сенімді ұрпақ тәрбиелеу жолында қарқындап дамыған заман көшінен қалмау үшін, кез- келген пән бойынша инновациялық технологиялар элементтерін кеңінен пайдалануымыз қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *