«Орыс тілді мектептерде оқушыларға қазақтілін үйрету мен оқытудағы ойын түрлері»


Павлодар облысы

Ақсу қаласы

  8 орта  мектебі

  Қазақ тілі пәнінің  мұғалімі

Найманова  Айслу Темержановна

«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»

В.А. Сухомлинский

Қазақ тілінде еркін, сауатты, сапалы оқу, іс-қағаздарды жаза білуге дағдыландыру, сан алуан мемлекеттік қоғамда, ортада сөйлей білуге үйрету. Тілді үйретуде оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастыру, танымдық,  ізгілік, эстетикалық мәдениетін дамыту – ең басты орын алады.

Б. Дәндібаева ,   Ж.Абузярова  деген  ғалымдар  оқушылардың  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіруде   ролдік  ойындарға  мынадай  баға  береді:

«Ролдік  ойын  оқыту  мақсатында  қолданылып,  сөзге    араласу  жағдайын  ұйымдастыратын  құрал  десек  де  болады».

М.Әуезов: «Жақсы  ойын  жақсы  жұмыс  сияқты.,  жаман  ойын  жаман  жұмыс  сияқты» –  дейді.

Ойындардың  мақсаты,  жолы-лексиканы  меңгеруге  деген  қызығушылықтарын  ояту  тілдік  қатынас  жасауға  деген  талабын  ашу.

Тиімділігі-ойындар  ойнау   кезінде   тілдік  қарым-қатынастар   ерекше   маңызға  ие  болады.  Кәсіби  сөздерді  естерінде  сақтауға  мүмкіндік  береді.

Сауатты,  мәдениетті  түрде    сөйлей  білуге  жаттығады.

Нәтижесі-сөздік  қорын  молайтады. Өз  бетінше  тілді  үйренуге  септігін  тигізеді,  тілін  дамытады.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.

 

Ойындардың тиімділігі:

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Новый рисунок (13)

  1. «Буын» тақырыбына ойын :«Ойлан, тап!».

Бітеу буынға мысал келтір (сан, нан, доп).

«са, се » буынына аяқталатын екі буынды сөз ойла (келсе, барса).

«А» әрпінен басталып, «а» әрпіне аяқталатын   сөздерге мысал келтір (ата, ана ).

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *