Ересек топтарға аналар мерекесіне арналған мерекелік «Айналайын ақ мамам»


  Солтүстіқ-Казахстан облысы

                                                                                                    Габит Мусрепов атындағы аудан

                                                                                                    Новоишим селосы

                                                                                                    КМҚК «Дюймовочка» бб

                                                                                                    Әдіскер–тәрбиеші

                                                                                                     Магзумова  Алма Елтайқызы

Музыкамен 4 ұл  залға кіреді. Ортаға  тұрады

Халид: Құрметті аналар, әжелер! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ашық аспан, көктемдей көңіл тілейміз.

Даурен: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп мерекемен құттықтайық

 Ермек: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Мирас: Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ.

 Жүргізуші: Ұлдар, бүгін аналардың, әжелердің, біздің сұлу да сылқым, көркем қыздарымыздың да мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой? Әжелер, аналар да осында. Ал ендеше біздің қыздар қайда?

Даурен:  Қазір біздің қыздар келеді.

Ермек:Әне, қыздар да келе жатыр!

Бірге: Қыздарды қарсы алайық!

(Музыка әуені естіледі де ұлдар мен қыздар залға кіреді

БИ «Вальс»

Жүргізуші: А.Е. Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, балабақша ұжымы, сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күнімен құттықтаймыз. Көктемдей құлпырып, гүлдей  жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңіздер.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын

Өтсін солай әрбір күнің әр айың.

Енді сөз кезегін біздің Бақыт Сабырқызына береміз.

Мейірімді сымбатты

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім дейсіңдер         Ол АНА ( бәрі)

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз

« Күнім» дейсің мені

Күн мерейі сенде

Күннің ыстық лебі

Құшағыңа тең бе?

Айналайын ана

 

«Жаным» дейсің мені,

Жаратушым – бір сен.

Жалғыз өзің, тегі,

Жанашырым білсең,

Айналайын ана!

«Құлыным» депмені

Құрақ ұштың дәйім

Қамқоршым-ау сені

Қалай ұмытайын

Айналайын ана

Жүргізуші: Ал қазір біздің балалар «АЙНАЛАЙЫН АҚ МАМАМ!» әнін сиға тартады

видео-слайд «Айналайын анашым»

Ән «Айналайын, ақ мамам!» (отырады)

Жүргізуші. Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, бүгінгі мерекеге әр отбасының ақылшысы да тіректері, немерелерін еркелетіп, ермек ететін әжелер де келіп отыр. Қымбатты әжелер, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!  Осы немерелеріңіздің өздеріңізге арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

 

 

Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын.                  

Айтатын әнім, беретін гүлім бар.

Әжетай, сені жақсы көремін – деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.

*Менің әжем,ақ әжем

Сені жақсы көремін

Сізге арнап мен бүгін

Өлең оқып беремін

*  Менің әжем ақ әжем

Аман болшы әрқашан

Менің әжем ақ әжем

Табылшы әркез қасымнан

*Ақ жаулықты әжелерді

Аналардың сүйеміз

Әрқашан  ардақтап

Сіздерге бас иеміз

Жүргізуші: Сіздерге арналған мына бір тамаша биді қабылдаңыздар.

Би: «Гүлдер»

Өлең: Менің әжем әдемі     

Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан  ОЛЖАС шығады)

ОЛЖАС: Мен кішкентай үй әулиесі Олжаспын. Әжеме, мен анама көмектесемін. Үйде тыныштық , береке болсын деймін. Күнде, күнде күн сәулесі мол болсын. Мына қоңырауды силыққа беремін.

Жүргізуші. Рахмет саған үй әулиесі Олжас, кел екуміз мына сиқырлы қоңырауды соғып қонақ шақырайық. (соғады)

Музыка: Пеппи длинный чулок кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сен кімсің?

ПЕППИ: Сәлем бердім бәріңе! Мен бе, мен Пеппи деген қызбын. Не сауық бұл жерде?

Жүргізуші:Сен бізге мерекеге түстің. Балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.

Пеппи: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?

Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні

ПЕППИ: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!

Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Өзің әдемі, көңілді, ақылды қыз екенсің. Жүргізуші: Біз бүгін 8 наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Қазір отыр аздап дем ал да балалардың тақпақтарын тыңда.

  Наурыз келді алақай

Наурыз келді, жадырап

Сіздерді ана, әжелер                        

Құттықтайды балалар

 

Мереке күн

Қандай тамаш

Асыл тілектер

Қалды жараса

 

Мерекесі бүгін

Алтын анамны

Сыйлайыншы гүлін

Жарқын даламның

ӨЛЕҢ «АҚ МАМАМ!

Жүргізуші: Енді тақпақтарын оқуға ортаға

ПЕППИ: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп ойын ойнағым келіп кетті ғой, келіңдер ойнайық.

ПЕППИ: Ой балалар, балалар

Ойналық та күлейік

Қызықты ойын бастайық

Дем алайық саспайық

ОЙЫН: «Анаңды жолдан өткіз»

БИ «Қуыршақтар»

ПЕППИ: Балалар мен бүгін өзіме жаңа достар таптым, енді біз бәріміз доспыз.  менің ең жақын достарым боласың.дар (Қуанып айналады) Енді менде де достарым бар алақай.Ендеше мен аналарды, әжелерді , мына менің құрбыларымды, балабақша ұжымын мерекемен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, көктемдей құлпырып жүре беріңдер дегім келеді.

Ал мына  өлеңді сиға тартқым келеді.

Өлең «Анашым»

Жүргізуші: Рахмет саған. Ал мына гүлді саған сиға тартамыз. ( ЕРМЕК ГҮЛ БЕРЕДІ)

ПЕППИ- рахмет, досым. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Енді біздің көрністі тамашалайық

 Көрініс «Үш ана» Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.

Жүргізуші: Ойыннан келген Самира Қуыршағын іздейді. Столдың астынан тапты да, Қал сұрауды көздеді.

Самира: Қызым, менің қалайсың Томсырайып қарайсың. Қарның ашып отырмай, Тамақ ішсең жарайсың. Егер тамақ ішпесең Қу сүйек боп қаласың. Отыр қане қасыма, Тамақтанып аласың (Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші: Самираның осы сәт, Анасы үйге кіреді. Тағат таппай қызының Қалын сұрап біледі

Анасы: Самиражан, бүгін сен, Тамақ ішіп көрдің бе? Қызықтап әлде ойынды, Кешке дейін жүрдің бе? Күнде саған ұмытпай, Тамағыңды іш деймін. Тіл алмайсың қырсығып, Осы сені не істеймін (отырады)

Жүргізуші: Анасының артынан, Аптығып әже кіреді. Ол – дағы өз қызының Қалын сұрап біледі.

Әжесі: Айналайын, алтыным Шаршадың ба, жарқыным. Ішпедің – ау тамақ та, Жайын ойлап жалпының. Қарашығым, қарағым, Түсіңкі ғой қабағың. Сөткемен тұрып жұмыста Болмай қалды – ау тамағын (отырады)

Жүргізуші: Аналардың елжіреп, Ет бауыры барады. Әрқайсысы сұқтанып, Өз қызына қарады.

Бәрі: Қандай қиын, қараңдаршы, Қырсық мінез бала болу. Бәрінен де оңай емес, Білсеңіздер ана болу!

Жүргізуші: енді біздің балалар өздерінің тақпақтарын оқып береді.

*Тағам дәмі тұзбенен

Үйдің сәні қызбенен

Деген сөзді естігем

Қыз баламын есті мен

Қолғабысқа жараймын

Тазадықты қалаймын

Ана еңбегін силаймын

Үйдің ішін жинаймын

*Атамнан басталар

Әжемнен қосталар

Отбасым мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар

Бір туған ағам бар

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін еремін

Қазір балалар музыкалық аспабтармен сіздерге өнер көрсетеді

Музыкалық аспаптарда Елдана, Диас, Амина, Адина , Орынбасар, МИРАС А, ОЛЖАС

ЕРКЕМ-АЙ

*Ана-әже сіздерді

Құттықтаймыз біз бүгін

Құтты болсын мереке

Құтты болсын дейміз біз

Еркем,еркем еркем-ай

*Келсем ертемен бақшаға

Қарап қалдым тамсана

Бүгін біздің қыздарды

Танымадым соншама

Еркем-еркем еркем-ай

* Қыздар біздің сәнқой-ақ

Үлкендердей болам деп

Солай жүре алам деп

Әшекейлер тағады

Бетіне опа жағады

* Ырза бізге ата-ана

Ырза бізге әже де

Біз өнерлі баламыз ғой

Ырза болсын бәрі де

Еркем, еркем, еркем-ай

* Аналарды мазалап

Жыламаймыз біз енді

Тәтті күнде сұрамаймыз

Тастаймыз бұл әдетті

Боламыз біз әдетті

Еркем, еркем, еркем-ай

Би « Барбарики»

ОЙЫН: «Ананы даусынан таны»

            *Анашым асылым

Анашым жүрегім

Аман бол анашым

Аман бол тірегім

*  Мен айтамын тақпақ

Алып едім жаттап

Менің анам әдемі

Менің анам аппақ

*Аялаймыз ананы

Құрметтейміз ананы

Сіздер үшін аналар

Шырқап биге саламыз

*Бүгінгі көктем күнінде,

Барлық адам қуанар,

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

*Ананың біз гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші: Қазір біздің балалар орыс тілінде өлең айтып береді.

Гүлжан тақпағын оқиды

Любимых воспитателей

Поздравим с Женским Днем

Для них сегодня весело

Танцуем и поем

ӨЛЕҢ «Мамочка моя»

ТАНЕЦ «Барбарики»

Жүргізуші: Міне, балалар біөдің ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Қазір Диас өзінің тақпағын оқып береді.

Анамызды құшақтап

Мейрамымен құттықтап

Қуанышқа бөлейміз

Өздеріміз жасаған

Сыйымызды береміз

Жүргізуші:  Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізден әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Құрметті аналар, бүгінгі мерекеміз аяқталып қалды, сіздерге тек денсаулық,көктем гүліндей құлпыра беріңіздер.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *