Поурочный план классного часа «Жақсылық жасау да – бақыт»


Жумабекова Мадина Оразхановна

Учитель информатики

ГУ «Малыбайская средняя общеобразовательная школа Лебяжинского района»

Скачать материалы

Мақсаты: оқушылардың адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін, бір-біріне көмек көрсете білуге, қайырымды адам болуға талпына алуға тәрбиелеу, адамның қоғамға жақсы істерімен қажет екенін көрсету.

Сынып сағаттың барысы:

Амандасу:

Сынып ішкі және сыртқы шеңберге тұрады, мұғалім әрбір оқушыға қарама-қарсы тұрған оқушыға қарап бір-біріне өзінің ең жақсы қасиетін айтуды сұрайды. Содан кейін  ішкі шеңбердегіи оқушылар солға қарай бір адым жасап, келесі оқушыға алдыңғы жұбының қасиетін және өзінің жақсы қасиетін айтады. Осылайша оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттері туралы біледі.

Топтастыру:

Ал, қазір топқа бөлінейік туған айларына байланысты.

 

Мұғалім:

Балалар, бүгін бізде қызықты кездесу болмақ… Бүгін сендермен шыдамдылық, жақсылық, мейірімділік, қайырымды болу, жақсылықты тілей білу сияқты адамгершілік қасиеттер туралы сөз қозғағым келіп отыр. Жан-жағымызға мұқият қарасақ, біздің жанымызда адамгершіл сөйлесуді, көмекті қажеттенетін жандар бар екенін көре аламыз. Егер адамға жақсылық істесең, сенің өмірің жайдары, әрі жарық болады, себебі өзің жасаған жақсылық адамға қайта оралып келеді.

Әр жыл сайын мектебімізде «Қарттар күні» мерекесінде, «Жеңіс күні» қарсаңында «Қайырымдылық» акциясы болып жүргенін білеміз, оған барлығымыз қатысып ата-әжелерімізге өз көмегімізді, қамқорлығымызды көрсетіп жүрміз. Ал, осындағы «қайырымдылық» сөзінің мағынасын ашып көрейікші:

 

1-топ: сөздіктен тауып оқиды

2-топ: интернеттен іздеп тауып оқиды (АКТ)

 

Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылайды.

Енді оқушылар өз пікірлерімізді тақтаға шығып жазып шығайық

1

Мұғалім:

Бұл қасиет адамда туғаннан бастау алады. Кішкентай баланың өзі бұл не екенін түсінбесе қолында барын қасындағы досына беруге асығады. Ұлы Аллаһ Құран Кәрімде былай дейді: «Кімде кім титтей жақсылық істесе, оның сыйын алады, ал кімде кім титтей жамандық істесе, оның жазасын тартады» (Зілзәлә сүресі 7-8аят) (қосымша ақпарат: http://www.nurotau.kz/?p=202) АКТ

Сондықтан да, өзгеге жамандық жасағаннан гөрі, жан тәнімізбен өз жан тәніміз үшін жақсылық, мейірімділік жасауға асығайық, балалар!

Мұғалім:

Біз бүгін жақсылық, мейірімділік, жақсы істер және жақсы әрекеттеріміз туралы айтып жатырмыз.

19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа жақсылық туралы былай дейді:

Оқушы:

“Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

Гауһар тас жарық қылмай жерде жатпас,

Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,

 Жақсылықты еткендер жаман таппас”.

 

Мұғалім:

Балалар, кім жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер білетіндігін анықтау үшін 1-тапсырманы орындап көрелік

 2

Мұғалім:

Балалар, жақсы болу жеңіл ме? Әлде қиыншылық тудыра ма?

Презентациядан «Су сепкендей басылған қуаныш» атты әңгімені көрейік.

/ электронды құралдың Негізгі бөлімінің 2 кезеңі/

3

Презентацияны көріп болған соң келесі сұрақтарды қоя отырып, әңгімені талқылау.

– Арина өз қуанышымен Арман, Асхат және қыздармен бөліскенде, сыныптастары қандай қасиеттер көрсетті? (балалардың жауаптары)

– Арина не себептен жылады? (балалардың жауаптары)

– Сіздердің өмірлеріңізде осындай адамдар кездесті ме? (балалардың жауаптары)

– Аринаның орнында болсаңыз сіз қандай күйде болар едіңіз? (балалардың жауаптары)

– Ал балаларға қандай кеңес берер едіңіздер? (балалардың жауаптары)

– Балалардың орнында сіздер не істер едіңіздер? (балалардың жауаптары) (СТО)

Біз жыл, күн, сағат  сайын жақсылық жасаудамыз… бірақ біз оны әр уақытта ескере бермейміз. Бұл әрине өте жақсы. Біз бір-біріміздің жақсы істерімізді бағалауымыз керек. қазір бір бет қағазға өз өмірлеріңізде қандай жақсы істер жасадыңыздар соны тізіп жазыңыздар.  Оқушылар азғандарын өз еріктері бойынша оқиды.

 

Мұғалім:

«Жақсылық» деген не?  «Жақсылық» дегенді қалай түсінесіздер? соны  флипчарт бетіне түсіреміз… Балаларға постер беттерін таратылады.

Балалар постер бетіне түсіріп жатқанда Баян Нұрмышеваның «Жақсылықтың бағасы» әні ойнап тұрады.  (оқудағы жаңа тәсілдер, көшбасшылық)

Сіздер өз ойларыңды постер бетіне тамаша түсірдіңіздер. Осы жұмысты атқару кезінде сіздер қандай жақсы сөздерді пайдаландыңыздар.  Бекіту үшін  2-тапсырманы орындап көрейік:

4

Ал ендеше балалар адамдарға жақсылық, мейірімділік жасай отырып, өзімізді бақытқа бөлейік!

Сабақты қорытындылау үшін «Дорогою добра» әні орындалады

  1. Спроси у жизни строгой,
    Какой идти дорогой,
    Куда по свету белому
    Отправиться с утра.
    Идти за солнцем следом,
    Хоть этот путь неведом,
    Иди, мой друг, всегда иди
    Дорогою добра.

 

  1. Забудь свои заботы,
    Падения и взлёты,
    Не хнычь, когда судьба
    Ведёт себя ни как сестра.
    Но если с другом худо
    Не уповай на чудо,
    Иди, мой друг, всегда иди
    Дорогою добра.

 

  1. Ах, сколько будет разных,
    Сомнений и соблазнов,
    Не забывай, что эта жизнь
    Не детская игра.
    И прочь гони соблазны,
    Усвой закон негласный
    Иди, мой друг, всегда иди
    Дорогою добра

 

Балалар мен сіздерге осы әндегідей бір-бірлеріңізге мейірімділік танытып, өмірде әрқашан да жақсылық жолында болуларыңызды тілеймін!!!

– Ал балалар сабағымыз аяқталды. Сідерге көп рақмет! Сау болыңыздар!!!  Жақсылық жолында жиі кездесіп, жолыға берелік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *