Тақырып бойынша оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре түсу
Алмағанбетова Бибатпа Салыққызы
№2Хромтау мектеп – гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Міндеттері: 1. Білімдік: Оқушыларға Барсакелмес қорығы жайында мәлімет беру, пысықтау жұмыстарымен бекіту, сөздік қорын кеңейту.
- Дамытушылық: Тақырып бойынша өз ой-пікірін айта білу, ізденіске бағыттылған тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, танымын кеңейту.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілік сезіміне баулу,табиғаттың адамға деген қажеттілігін таныта білу.Қазақстанның білімді, қазіргі заманға сай тұлға болып қалыптасуына әсер ету.
Сабақтың тегі: Білім,білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдістері: Рефлексия, диалогтік, монологтік, алгоритмдік, репродуктивтік, эвристикалык, зерттеу, іздену, жоспарлы, көрнекілік, проблемалық әдестері, өзіндік, жұптық жұмысы, өзін-өзі тексеру.
Қолданылатын оқыту технологиялары: Модульдік оқыту технологиясы, П.С.Гранкиннің концепциясы ,И.П. Подласыйдың тиімді педагогикалық технологиясы, жобалау әдісі,ақпараттық – коммуникативтік технология, СТО әдістері
Көрнекілік: интерактивті тақта ,кеспе қағаздар,бағалау беті
Пәнаралық байланыс :тарих,биология,әдебиет,география
Сабақ жоспары
- Психологиялық сәт «Назар аударыңыз» 5мин Пропедевтикалық практика «Себеттегі керемет сұрақтар» 5 мин 3.Бағыттау кезеңі «Анықтаймыз» 5мин 4.Пайымдау кезеңі «Жоба жұмысы» 10мин 5.Үлгі бойынша практика «Бірлесе отырып» 10мин 6.Меңгеру практикасы «Ең алғыр жұп» 6мин 7.Қорытындылау «Білім қоржыныңда» 4мин
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі | Уақыты | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушының іс -әрекеті | Күтілетін нәтиже |
Назар аудар | 5мин | – Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?
– Сабаққа дайынсыңдар ма? Бүгінгі сабағымызды шаттық шеңберінен бастайық. «Жүректен жүрекке» психологиялық тренинг. |
Оқушылар шеңбер құрып, оң қолының алақанын оң жағында тұрған оқушының қолына салады. Ең алдымен мұғалім оң қолын жүрегіне қойып, сол жағындағы оқушыға бүгінгі күнге немесе бүгінгі сабаққа тілек айтады. | ынтымақтастық қалыптасады, сабаққа қызығушылығы оянады |
«Себеттегі керемет сұрақтар» | 5мин | (жоғарғы деңгейдегі сұрақтар қызыл қағаздарға жазылады, деңгейі төмен сұрақтар жасыл қағазға жазылады).
|
Үй тапсырмасы бойынша жоғары ,төмен деңгейлі сұрақтарға жауап береді | |
«Анықтаймыз» | 5мин | Табиғатымызды қорғауда қызыл кітаптың қажеттілігіне көңіл бөлген ақын-жазушымыз Қ.М .Әлидің «қызыл кітап поэмасынан» алдын ала дайындалып келген оқушыларға сөз беріледі.Сабақ тақырыбы анықталады . | Поэмадан үзінді оқылады. | Табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту .Сөйлеу мәдениетіне жетелеу,өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру . |
«Жоба жұмысы» | 10мин | «Барсакелмес қорығы» туралы топтық жоба жұмысы | Тақырыптары :
1. Құландар аралы 2.Сексеуіл – ғажайып ағаш 3.Барсакелмес қорығы: кеше, бүгіні мен ертеңі |
|
Мәтін | 10 мин | Барсакелмес қорығы | Мәтінмен жұмыс жүргізіледі | Сөйлеу ,тыңдау,түсіну дағдыларын жетілдіру |
«Өзіңе баға бер» | 6мин | (жұптық жұмыс).Кеспе қағаздары таратылады.Әр жұп берілген тапсырманы орындайды ,дұрыс жауабы беріледі .жауап бойынша өз жұмыстарын тексеріп ,бағалайды. | Грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін тексереді,пысықтайды.Бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады, жауапкершілікке баулу. | |
«Білім қоржыныңда» | 4мин | БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» – білемін, білдім, білгім келеді. | Сабақ барысында толтырылады | Тақырып бойынша толтырады , |