Божбанова Гулжахан Жаксыбековна


Аты-жөні :Божбанова Гулжахан Жаксыбековна

Қызметі:Химия пәні оқытушысы

Жұмыс орны:«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы :Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Арай-2» шағынауданы

Педагогикалық тәжірибесі:33 жыл

Санаты: Жоғары біліктілік санат

Марапаттар:2014ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы

 Педагогикалық өмірбаяны

Божбанова Гулжахан Жаксыбековна 1983 жылы Атырау педагогикалық институтын  химия-биология мамандығы бойынша бітіріп шықты.  Еңбек өтілі 31 жыл.  Жоғары біліктілік санатты, жоғары білімді маман. Оқу бітіргеннен кейін Құланды ауылына келіп, онда он жыл бойы үзбей еңбек етті. 1994-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласындағы  №6, №8 орта мектептерде ұстаздық қызмет атқарды.  Осы жылдар ішінде қала, облыс көлемінде іс-тәжірибесі, әдістемелік нұсқаулықтары таратылды.

Божбанова Гулжахан Жаксыбековна 2007 жылдан бастап колледжде  химия пәнінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. Облыс көлемінде  төрт әдістемелік оқулығы таратылды

Гулжахан Жаксыбековна – көпшілікпен тез тіл табысып, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін шығармашылықпен ізденістер жолында таныта білген қазіргі заман талабына сай маман иесі. Ол – студенттері мен әріптестерінің арасында беделді, білімді де білікті шәкірт тәрбиелеуші. Қызмет барысында алуан түрлі әдістемелік оқулықтар, баяндамалар, көптеген қызықты презентациялар әзірлеп облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби іс-шараларға қатысып ғылыми жинақтарға енумен қатар БАҚ-да еңбектері жарияланды. Сонымен қатар қалалық, облыстық, республикалық  кәсіби байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленді.

  1. 2013ж. Республикалық «Химик анықтамалығы» журналы, слайдтар дискке енгізілді.
  2. 2014ж. Республикалық «Химик анықтамалығы» журналындағы іс-тәжірибем дискке енгізілді.
  3. 2015ж. Республикалық Просвещение, интернет-журнал. «Проблемалық және кейс технологиясы» дискке енгізілді.
  4. Қалалық «Жаңаөзен» газеті , 2012ж. «Дипломмен ауылға»
  5. Республикалық «Химик анықтамалығы» журналы, №2 (34), 2013ж. «Жаңаөзендегі негізгі мұнай кенорындары – Ұйықтап жатқан арудың оянуы» деген тақырыпта өткізген саяхат сабағы және осы нөмірде төрт сабақ слайдтары дискіге жарияланды.
  6. Қалалық «Жаңаөзен» газеті , №49(1652), 2013ж. «Білім жетілдіру курсында».
  7. Қалалық «Жаңаөзен» газеті , 2014ж. №11(1666), «Химияны оқытудың жаңалықтары».                                                                                                                             8. Республикалық «Химия мектепте» журналы, 2014ж.№2.   « Химия пәнін оқытуда оқушыларда құзырлылықты қалыптастыру жолдары».
  8. Республикалық «Химия мектепте» журналы, 2014ж.№2. Оқушыларды құзырлылық тәсілімен бағалау үлгілері».
  9. Республикалық ғылыми-практикалық материалдар жинағының екі томына енгізілді. «Химия пәнін оқытуда оқушыларда құзырлылықты қалыптастыру жолдары» және «Оқушыларды құзырлылық тәсілімен бағалау үлгілері», 1- 2 том, 2015ж.
  10. Облыстық «Маңғыстау мұғалімі» газеті, 31.03.2014ж. «Сыр елінде өткен айтулы іс-шара»
  11. Республикалық «Зияткер» журналы, №09(13)2015ж. Екі мақала, «Оқушы бойында адами ресурстарды қалыптастыру» және «Зияткерлік және ақпараттық мәдениет арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру».
  12. Республика көлемінде «ХХІ ғасырдың білікті бәсекеге қабілетті адами ресурстарын қалыптастыру», 1- 2 том, 2015ж.

14.2013ж. Облыстық педагогикалық оқу, «Алғыс хат».

15.2014ж. Облыстық «Үздік педагог» байқауы, «Шығармашыл ұстаз» номинациясы.

16.2014ж. Облыстық  ғылыми – тәжірибелік конференция   «Алғыс хат».

17.2014ж. Облыстық  Білім басқармасының  «Құрмет грамотасы».

18.2014ж. Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Алғыс хат».

19.2014ж. Республикалық  «Үздік слайд-2012-2013» байқауында «Алғыс хат».

20.2015ж. Қалалық мәдениет үйінен «Алғыс хат».

21.2015ж. Республикалық  «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер»  байқау – фестивалінде «Ардагер әжелер би»  тобы   3 орын.

22.2015ж.Республикалық ZIAT ғылыми  орталығынан  «Өнегелі ұстаз»  сайысында 2орын.

23.2015ж. Республикалық ZIAT ғылыми  орталығынан  «Үлгілік топ сағаты» байқауында 2орын

24.2015ж. Халықаралық «Менің педагогикалық мамандығым» шеберлік конкурсы,                            3 орын.

25.2014ж. «Маңғыстау облысы бойынша туризмді дамытудың жолдары мен ерекшелігі» атты облыс студенттерінің  материалдар жинағына  студенті Макуов Қуаныштың «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының экотуризм экосоқпақтары»  (1-орын, Алғыс хат), тақырыптағы баяндамасы енгізілді.

26.2014ж. «Маңғыстау облысы бойынша туризмді дамытудың жолдары мен ерекшелігі» атты облыс студенттерінің  материалдар жинағына  студенті Үркімбаев Нұржанның «Үстірт қорығында туризмді дамытудың әлеуметтік-экономикалық аспектілері» (сертификат) тақырыптағы баяндамасы енгізілді.

27.2015ж. Облыстық  «Экологиялық проблемалар және оны жою жолдары» атты ғылыми тәжірибелік конференцияда студенті Аяғанова  «Алғыс хат» алды.

28.2015ж. Облыстық  «Экологиялық проблемалар және оны жою жолдары» атты ғылыми тәжірибелік конференцияда студенті Шабенова Толғанай «Алғыс хат» алып, «Ізденімпаз» номинациясымен марапатталды.

39.2016ж. Облыстық «Ел болашағы – интеллектуалды ұрпақ» атты ғылыми-конференцияға студенті Жаңабаев Оразбек қатысып, «Дипломмен» марапатталды.

Гулжахан Жаксыбековна – «Қазақ елінің үздік Ұстазы» төсбелгісінің иегері.

Гулжахан Жаксыбековна – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, колледждің өрлеуіне елеулі үлесін қосып келеді. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тиісті тапсырмаларды  дер кезінде ұқыпты орындайды. 2015-2016 жылы облыс көлемінде өткізілген «Кәсіптік білім беру үрдісінде жаңа  талапқа сай маман даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі» тақырыбындағы облыстық семинарда шығармашылық есебін қорғап әріптестері тарапынан «өте жақсы» деп бағаланып республикалық деңгейдегі марапатқа ұсынылды. Білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстары мен тәуелсіз еліміздің болашақ маман иелерін тәрбиелеуде Гулжахан  Жаксыбековна алдағы уақытта әлі де жемісті еңбек етіп, берері көп деуге сеніміміз мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *