Келешек ұрпақтың жеке тұлға ретінде дамуы


Тынгышева Айсулу Бериковна   тәрбиеші

Қарағанды  қаласы «Жұлдыз»балабақшасының «Бота» тобы

Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен адам өзін тани білуі керек. Өзін-өзі тани білу, өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз- бұл ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене мүшесі әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Бала бойында белсенділік, ерік, жігер, сананың шындалып қана кою емес, қоғамның қатынастар жүйесіндегі адамдар арасында өз орнын таба білуі.

Жалпы бала тәрбиесінде жан-жақты қамтылған «Мен адаммын»-түсінігін, өмірге келген соң осы дүниенің бір бөлшегі екенін танытып, отбасындағы бір-біріне деген сыйластық, сүйіспеншілік қамкорлық сезімін дамытады. Жауапкершілікке, әдептілікке тәрбиелейді. Халқымыздың дана қағидалары арқылы ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелейді.

Адамның мінез-құлқының қалыптасуына ар, ұят, өзін-өзі бағалау, бағдарлау арқылы рухани адамгершілік жан дүниесін байыту арқылы жетуге болады.

Ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни, руханилылығын дамыту заман талабы.

Қазақстандық жас азаматтардың барлығы дерлік жат қылықтардан аулақ болып, қазақ халқының адамгершілік құндылықтарымен танысып, өз бойына осы қасиеттерді сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *