Сабақ әзірлемесі «Аурудың белгілері»


Тулеуова Динара Қыдырбаевна
Ағылшын тілінің оқытушысы
Қарағанды қаласының медицина колледжі

Әдістемелік негіздеме:

Болашақ мамандық иелеріне кәсіптік шет тілін оқытудың маңыздылығын арттыру-бүгінгі күн талабы. Колледжде немесе кәсіптік оқу орындарда кәсіби шет тілі қатардағы пән ретінде жүреді. Шет тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың  жалпы білімін кеңейту ғана емес, сонымен қатар оқып жүрген қазіргі ағылшын тілінде мамандықтарына байланысты түрлі ғылыми терминдер мен кәсіби сөздерді, атауларды білудің маңызы аса зор.Грамматикалық тақырыптарды ұғыну. «Дәрігердің қабылдауында», «Аурудың белгілері» тақырыбын оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып, білім алушылардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

– Symptoms тақырыбы бойынша мағлұмат беру.

– Өткен тақырыптар бойынша, білім алушылардың білімдерін тексеру.

– Сөздік қорларын молайту, сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту.

– Білім алушылардың білімдерін, тақырып бойынша тереңдету және нақтылау.

Дамытушылық:

– Білім алушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

– Өз бетімен жұмыс істеуге дамыту.

– Сұрақ – жауап, ауыз – екі сөйлеу арқылы, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

– Мәтінді тыңдау арқылы, түсіну және көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.

– Есту, ойлау, талдау, салыстыру  қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

-Білім алушыларды эмоционалдық, мотивациялық  және еріктік қасиеттерін дамытатын іс-әрекеттерге баулу.

-Адамгершілікке және сыпайы жауап беруге тәрбиелеу.

-Шағын топтарда жұмыс істеуге тәрбиелеу.

-Шет тіліне деген қызығушылығын арттыру.

-Өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Білім алушы білуі керек:

-«Human body, Body moving» тақырыптардың жана сөздіктерін.

-Should модальді етістігінің сөйлемде дұрыс қолданылуын білу.

-to have және have got етістіктерінің сөйлемде дұрыс қолданылуын білу.

Білім алушы істей білуі керек:

– Интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

– Диалогты тыңдай отырып, оны толықтыру.

– Шағын топта жұмыс істеу.

– Пәннен алған білімдерін  практикада қолдану.

– Видео көру арқылы, жаңа тақырыпты білу.

Пәнаралық байланыс:

1.Информатика   «Microsoft Office Word», «Microsoft Office Power Point».

2.Латын тілі «Аурулардың белгілері туралы терминологиялар»

3.Ішкі аурулар пропедевтикасы  «Ішкі аурулар туралы түсінік», «Аурулардың белгілері»

Пәнішілік байланыс:

1.Ағылшын тілі: «A visit of a doctor», «Body moving», «Health problems».

Сабақтың жабдықталуы:

-көрнекі құралдар: слайдттар, презентациялар, тақта, электронды оқулық.

-таратпа құралдар:  жұмыс дәптерлері, сөздіктер.

-техникалық құралдар: проектор,ғаламтор материалдары,  интерактивті тақта, видеороликтер, компьютер.

Оқытушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

1.Кәсіби шет тілі Түркістан медицина колледжі – электронды оқулық

2.Берман И.М. Ағылшын тілі грамматикасы. Мәскеу, 1994

3. Adrian  Tennant  Straightforward  Elementary Workbook, 2006

4. Lindsay Clandfield   Straightforward  Elementary  Student’s book, 2006

5. S.A.Tylkina “School-book for medical and pharmaceutical schools”

6. Интернет ресурстары

Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

1.S.A.Tylkina “School-book for medical and pharmaceutical schools”

2.Козырева Л.Г. Шадская Т.В. English for medical students

3. Adrian  Tennant  Straightforward  Elementary Workbook, 2006

4. Lindsay  Clandfield  Straightforward  Elementary  Student’s book, 2006

5. Қазақша – ағылшынша сөздік, 2007

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:

-Үй тапсырмасы бойынша слайд немесе видеоролик  дайындау;

– Өткен тақырыптарды қайталау;

– Грамматикалық тақырыптарды қайталау;

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі  ( 3 min)    (1 slide)

1) Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Glad to meet you, dear teachers, and   students. Welcome to our English lesson!

Are you ready? Let’s begin our lesson.

Who is on duty today?

Who is absent today?

What is the date today?

What is the weather like today?

OK! Sit down.

2) Оқытушының кіріспе сөзі (сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру)

(2 slide)

II. Өткен тақырып бойынша білім деңгейін тексеру (20 min)  (3-5 slides)

-What was the hometask? Ex 4,5 on  page 45   of the Workbook  Қосымша № 1

1) Ex 4  Rearrange the words to make sentences

– 4-жаттығу Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.

2) Ex 5  Complete the text with the words from the box.   Are you ready? Let’s check up this task!

– 5-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

(Интерактивті тақтада білім алушылар үй жұмысының жауабын жазып көрсетеді)

3) Now our students will show you a video or presentation on the  Body moving

– How to sit at a computer тақырыбы бойынша I-топ (видео)

– How to sit in a car without back pain тақырыбы бойынша II-топ (презентация)

– Boys and girls, today we have a guest, a journalist from the famous television program “Health”. She would like you to answer some of her questions about the health and habits.

(Интерактивті тақтада видео немесе презентация көрсетіледі. Білім алушылар өздерінің жұмыстарымен таныстырады)

Every group showed very interesting videos and presentations. OK! Good!

III. Жаңа сабақ   (45 min)   (6-7 slide)

Now, you will watch the video. You should guess, a theme of a today’s lesson.(Оқытушы видео көрсету арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.Интерактивті тақтада видео көрсетіледі) – (2 min)  Right, today we will speak about the Symptoms.

We have a workbook. In the workbook have exercises and tasks.
(Жұмыс дәптерлер таратылады)   Қосымша № 2

Look at the pictures – (2 min)  on the page 2   of the Workbook  (8-slide)

Мұғалімнің сөзі

There are many kinds of aches. First of all let`s try to understand the meaning of the word ache. What is ache? Ache is a pain that is continuous  but usually not very strong, also a bad feeling in part of your body when you are hurt or become ill. The word ache usually used in compounds: headache, toothache, stomachache, earache,  and heartache. The other aches are cough, bleeding, sore throat, fracture, cold in the head, sunstroke and fever.

1) Жаңа сөздермен жұмыс (8 min)     Қосымша № 3    (1-12 slides)

Look up the new words in your workbook on the page 3. You should listen and repeat new words.(Интерактивті тақтада білім алушылар жаңа сөздерді тыңдайды және

қайталайды.)   – OK. Good!

-Look at the pictures and complete the sentences on the page 6  Task 1  Қосымша № 4        (9-11 slides)

(Білім алушылар суретке қарап отырып, to have  және have got етістігін пайдалана отырып, интерактивті тақтада  сөйлемдер толықтырып жазады. )

2) Now, Listen to the text and complete  (10 min)  on page 7, Task 2.  Қосымша № 5

(Білім алушылар мәтінді тыңдау арқылы, сөйлемдегі бос орындардын орнына тиісті сөздерді, интерактивті тақтада орындайды.)

3) Грамматиканы қайталау  (5 min)  Қосымша № 6   (1-10 slides) on page 8, Task 3.

Now, let’s remember our grammar theme. What do you know about should and shouldn’t? Now you have grammar exercise. Put modal verbs should and shouldn`t  into the sentences.

(Білім алушылар модальді етістікті қайталап, берілген тапсырманың сөйлемнің мағынасына қарай should немесе shouldn’t етістігін дұрыс қою керек. Тексеру әдісі гиперссылканың көмегімен жүзеге асады)

-OK! Good!

4)  So, Look at the blackboard. Complete the table. Write down!(5 min)Қосымша № 7

What does doctor usually say.  What does a patient usually say. Divide the phrases  into      2 groups. on page 9, Task 4.

(Білім алушылар, берілген тапсырманы екі бағанға жазып толтыру керек.)

5)  Listen and  complete the conversation (8 min)  Қосымша № 8    on page 10, Task 5.

(Білім алушылар диалогты тыңдау арқылы, естіген сөздерді  интерактивті тақтаға жазады.)

6) Жұппен жұмыс  (5 min)    (12 slide)

If your friend is sick, then give advice….

( Егер де сенің досын ауырып қалса, онда сен мынандай кеңестер бер. Білім алушылар өздерінің  кеңестерін айтады)

IV. Жаңа  сабақты бекіту (10 min)   (13 slide)   on page 11, Task 6

So, Look at the blackboard. Complete the table.  Write down!  Қосымша № 9

(Білім алушылар бүгінгі жаңа сөздерді қолдана отырып, ағылшыннан қазақшаға, орысшаға және латыншаға аударып, берілген таблицаны интерактивті тақтада орындайды) Мысалы: headache – бас ауруы – головная боль – cephalgia

-Very good.

V.  Рефлексия:  (5 min )   (14 slide)

Express your mind on the lesson. Did you like the lesson?

– Бүгінгі  сабақта нені түсіндік, қандай жұмыстар ұнады?

– Ұсыныстар, тілектер.

(Білім алушылардың   қорытынды сөздері)

VI.   Үй  тапсырмасы: (2 min)  (15 slide)

Write down your homework: Repeat all studied themes

VII. Сабақты қорытындылау: (5 min)   (16 slide)

I liked your work at the lesson. Your marks are …

The lesson is over. Thank you. Good bye!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *