Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістіктерін түзету


Жексембаева Сая Кажмуратовна
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының логопеді

Сөйлеу тілі толық жетілмеген балалардың мектептегі оқу үлгерімі нашар болатыны сөзсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайын болмасын орнығып, диындап кетпей тұрғанда, мектеп жасына дейін жою керек. Сонымен бірге баланың жасына дейінгі кезегіндегі сөйлеу тілі күшті қарқынмен күн санап дамитының және тілі кез келген дыбысқа еліктегіш қабылдағыш, бұрмалауға көнгіш, өте жүмсақ иілгіш келетінін ұмытпау керек. Сондықтан тіл мүкістерідің түрлері жеңіл, әрі тез жойылады.                                                                     Сондай -ақ сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы күрделі мүкістер толып жатқан қатты асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін және баланың ауызекі сөйлеу тілі мен жазу тілінде басқа кемістіктерді шығаратынын ескеру қажет.

Бүл қалай болады?

Сөйлеу барысында демек дыбыстардың айтылуы кезінде сөйлеу мүшелерінің қимылынан сезім түйсігі пайда болатыны мәлім. Осы сезім тітіркенуінің күші бас миының қыртысына барады. Профессор И.П.Павлов екінші сигналды жүйенің қалыптасуына байланысты сезім тітіркендігішіне үлкен маңыз берген және оларды «базальды бөлігі» деп атады. Атап айтқанда, сезім тітіркендіршігі фонематикалық түйісіктің қалыптасуына шешуші қызмет атқарады. Дыбыстардың айтылуына ақаулықтарының «базальды бөлігі» толығымен қатыспайды, ендншн, фонематикалық түйсіктің толық дамымайтындығы өзінен – өзі түсінікті.

Фонематикалық түйсіктің бұзылуы баланың сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетінде бір – біріне ұқсас дыбыстарды даусынан ажырата алмауына душар етеді. Оның сөздік қорына құрамында ажыратылуы қиын, ұқсас дыбыстары бар сөздер кірмейді. Соның салдарынан өзінің жас мөлшерінен біртіндеп қала бастайды.

Алдыңғы себептердің салдарынан сөйлеу тілін грамматикалық құрылысы қажетті дәрежеде қалыптаспайды. Фонематикалық түйсіктің, сөздің жалғаулықтары мен екпінсіз жалғаулары баланың көзіне шалынбайтыны түсінікті.

Сонымен, баланың сөйлеу тілінде фонетика – фонематикалық және лексика – грамматикалық сияқты тұтас тізбек кемістіктердің пайда болатынын көрсетуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, күрделі дислалияның нәтижесінде жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына себебі болатын фонематикалық түйсігі бұзылуы, ал жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауын мектеп жасына дейін жоймаса, онда оның зардабы келешекте баланың жазуы мен оқуының бұзылуына душар етеді.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы барлық мүкістерді 5 жасқа дейінгі мерзімде тексеріп анықтау қажет. Неге?

Дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелері әлі жектілікті дәрежеде дамымаған, әрі орнығып бекімеген жас бала сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлығын бірдей дұрыс айта алмайтындығы өзінен – өзі түсінікті 4-5 жасқа дейінгі баланың сөйеу тіліндегі дыбыстарды бұрмалап айтуы жай деп саналады және бүны жастық немесе физиологиялық тіл мүкістігі дейді. 4-5 жастан кейінгі баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылып айтылуы патологиялық деп саналады. Сонымен дислалияны жоюдағы логопедиялық жұмысты дәл осы жастан бастап жүргізу керек.

Бірақ сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіру сабағын бастамас бұрын баланың сөйлеу тілін тексеріп алу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *