Әйгерімнің ойыншықтары


Улетова Эльвира Рахымовна
тәрбиеші ІІ-ші кіші топ
Маңғыстау облысы. Форт-Шевченко қаласы. МКҚК «Алпамыс» балабақшасы

Мақсаты: Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік:  Ойыншқтардың атын атай білуге, сөйлеу барысында қатты, жұмсақ  деген сөздерді қолдана алуға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту.Үлгі және тәрбиешінің сөздері бойынша заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру.

Тәрбиелік:  Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:   ойыншықтар, кеспе суреттер.

Алдын ала жүргізілген жұмыс:  әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:   доп, домалақ, көңілді.

Билингвальды  компонент:   ойыншық-игрушка, доп-мяч, домалақ-круглый,  көңілді-веселый.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері:

Біз ұқыпты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Ойыншықтарды шашпаймыз

Үлкендерді сыйлаймыз.

 

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көтемде қандай өзгерістер болады?

 

-Көктем айларын кім айтады?

«Көктем» мазмұнды суретпен жұмыс.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Қимылдарды жасап, балалар бір-бірімен амандасады.

 

 

 

 

Көктем мезгілі.

 

Күн жылынады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.

Наурыз, сәуір, мамыр.

Балалар мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік Осы кезде есік қағылып Әйгерім келеді.

-Балалар, бізге қонаққа Әйгерім келді.

Әйгерім:  -Сәлеметсіңдер ме?

Балабақшаларың қандай әдемі, ойыншықтары көп екен. Мен де өзіме ойыншықтар сатып алайын деп едім, бірақ оларды қайдан және қандай ойыншық алатынымды білмеймін.

Маған көмектесесіңдер ме?

 

-Енді Әйгерімді біз  ойыншықтар дүкеніне апарамыз.

-Балалар сендер ойыншықты жақсы көресіңдер ме?

-Қандай ойыншық түрлерін білесіңдер?

 

-Қандай әдемі дүкен!

Дүкеншімен амандасады.

Дүкенші: Қош келдіңдер, балалар!

Мына ойыншықтардаң бәрі сендер үшін жасалған.

Тәрбиеші:  Ойыншықтардың сапасын, оның неден жасалғанын түсіндіріп өту.

Дүкенші: егер де сендер тақпақ айтып берсеңдер, Әйгерімнің ұнатқан ойыншықтарын беремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүкенші:  -Жарайсыңдар, ала қойыңдар ойыншықтарыңды.

Енді ойыншықтар қандай заттардын жасалатындарын білесіңдер естеріңнен шығармаңдар, оларме ұқыпты, таза, лақтырмай, сындырмай ойнаңдар.

Дүкеншімен қоштасу.

(балабақшаға келу)

Сөздік жұмыс:   доп, домалақ, көңілді.

Олай болса балалар Әйгеріммен бірге жаңа сөздерді айтып үйренейік.

Билингвальды  компонент:   ойыншық-игрушка, доп-мяч, домалақ-круглый,  көңілді-веселый.

 

Шығармашылық жұмыс: 

І топ- Қуыршақты киіндіру.

ІІ топ.- Ойыншықтарды құрастыру ІІІ топ- Қажетті затты табу.

 

 

 

Қуанады.

Қуыршақпен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Иә, көмектесеміз.

 

-Алақай, ойыншық дүкеніне барамыз деп қуанады

 

Машина, қуыршақ, ыдыс аяқ т.б.

 

 

-Сәлеметсіз бе?

 

 

 

 

Балалар тақпақтарын айтады.

 

 

Балалар тақпақтарын айтады.

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай Бірге ойнап жүремін.

 

Добым, добым жомала,

Балшыққа сен жолама.

Бүлдіресің қолымды,

Жек көремін оныңды.

 

Ойыншығым қуыршақ,

Не берсем де жемейді,

Еркелігі соншама,

Көтерсем де жүрмейді.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыз.

 

Бірге қайталайды

 

 

 

Бірге қайталайды.

ойыншық-игрушка, доп-мяч, домалақ-круглый,  көңілді-веселый.

 

Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

 

Рефлексивті-түзетушілік – Балалар, бүгін біз кімге көмектестік?

-Ойыншықтар дүкенінде қандай ойыншықтар бар екен?

-Сонымен Әйгерім дүкеннен қандай  ойыншық таңдады?

 

Оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

 

Енді балалар мен сендерге қызықты бейнетаспа көрсетемін. Ол жерде ойыншықтар сөйлейді екен.

 

«Ойыншықтар»  әнін орындау.

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

-Әйгерімге көмектестік.

Қуыршақ, доп, аю.

 

Ойыншықтарды атайды.

 

-Өздерінің таңдаған ойыншықтарын айтады.

 

Балалар таңдана қарайды.

 

 

 

 

Әнді көтеріңкі көңілмен орындайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап, оларға толық жауап беру тапсырмасын;

Түсінеді: ойыншықтардың түсін, пішінін қалай сипаттапайту керектігін;

Қолданады:әртүрлі материалдардан жасалған ойыншық түрлерін таңдауды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *