Разработка к часу чтения и презентация ко Дню Первого Президента


Шевченко Кирилл Константинович
ученик 10 «А» класса КГУ «Школа-лицей Дарын», Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск

Руководитель: Рамазанова Асель Маратовна, учитель казахского языка и литературы

 – Құрметті ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға «Президенттің бір жылы» кітабын ұсынып отырмыз. Рөлге бөліп оқитындар мен және 10-сынып оқушысы  Шевченко Кирилл.

 

Интервью Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева

газете «Қазақ әдебиеті»

( 24-30 марта 2006 г.)

«Әдебиет – руханият қайнары»

– Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, ең алдымен, қымбат уақытыңызды қиып                                                                                                                                 газетімізге сұхбат беруге ықылас танытқаныңыз үшін сан мыңдаған оқырманымыздың атынан алғыс айтуға рұхсат етіңіз. Сіздің әдебиет пен өнерге деген ілтипатыңыз қашанда ерекше. Осы рухани байлыққа деген құштарлығыңыз бен құрметіңіз қай кезде оянды, әңгімені осыдан бастасақ.

– «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген әзіл-шынды өленді естіген шығарсың. Міне, сондай, Алатаудың аясында, ғажайып табиғаттың саясында, ән мен жырды  үкілеген ортада туып, өстік.

Сүйінбай, Құланаяқ Құлмамбет, Жамбыл жәкем, Үмбетәлілердің қанды ерітіп, сүйекті балқытқан тірі сөзін құлағымызға қорғасын ғып құйып ержеттік. Баланың жады сорғыш сияқты бәрін бойына сіңіріп алады. Жас кездк небір қиялдарға беріліп, ақын да, жырау да, Райымбек, Қарасай, Мүйізді, Өтеген сынды батыр да, балған да болғымыз келген шығар.

Қолым қалт еткенде домбыраға қол соғып, жыр жазатыным да сол бір арманшыл шақтан қалған жұтқана да…

– Құрметті Нұраға, мектепте оқыған жылдарыңызда әдебиет пәнінен алған дәрістеріңізге көңіліңіз тола ма? Бұл пәннің бағдарламаса, оқыту деңгейі қандай дәрежеде болды?

– Сол кезенде М.Әуезовтың «Абай жолы» романының қайта-қайта аяусыз сынға ұшарағаны да менің тұстастарыма жақсы мәлім.Роман алғаш шыққанда, бала Абайға Дулат ақын бата береді де, кейінгі басылымдарда Дулаттың орынын Барлас ақын басады. Өйткені Дулатұқа керітарпа ескішіл сарындағы ақын деген айдар тағылып, ұлы жазушы төл туындысын қайтадан редакциялауға, өзгерістер енгізуге мәжбүр болған. Мұндай саяси мәжбүрлік шығарманың көркемдік қуатын кемітіп қана қоймай, оның ұлттың рухани ажарын әлсірететіні де жасарын емес.

Десе де, уақытында небір айтулы қаламгердерімізден рухани нәр ала алмай қалғанымызға қарамастан, қарамастан, қазақ әдебиетінің, әсіресе ауыз әдебиетінің байлығы болар, уызға жарымай ашқұрсақ өстік деуге аузым бармайды.

Қазірдің өзінде Абай мен Жамбылдың көп өлендерін жатқа айтамын. Спандияр Көбеевтің «Қалын малы», Сұлтанмахмүт Торайғыровтың  «Кім жазықтысы», басқа да көрнекті ақын-жазушыларымыздың шығармалары көкірекімге сайрап тұр.

Сол сияқты ақсақал жазушылар Сапарғали Бегалиннің, Сейтжан Омаровтың балаларға арналған кітаптары мен Бердібек Соқпақбаев ағамыздың «Он бес жасар чемпион» повесі бізге өнеге болды. Көптеген қазақ жастарының жаппай спорт секцияларына жазылып, рухы мен жігерін шындауға үлкен әсері болғаны ақын.

Ал, жоғары сыныптарға келгенде оқыған С. Мұқановтың «Сұлушашы», «Ботагөзі», Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлкесі» романы мен әңгімелері, Ғ. Мұстафиннің «Қарағандысы», «Миллионері» мен «Шығанағы» бізге тағлым берген, тәрбиелеген, өмір жолымызды қалыптастыруға ерекше үлес қосқан шығармалар.

Осылайша, барды қанағат тұтып, өз көңілімізді өзіміз көтеріп тәрбие алғанбыз.

Ал, қазіргі ұрпақ – бақытты ұрпақ. Тандайымен тасқа ойып таңба салған сөз сүлейлері Ахмет, Мағжан, Жүсіпбекткрдің жауһар туындыларымен сусындап отыр.

– Мұндай үлкен ойды Сіз, әлбетте, орыс, шетел әдебиетімен етене таныс болған соң да айтып отырсыз ғой.

– Әрине, солай деп шамалауыңа болатын шығар. Рас, бізге орыс әдебиеті әжептәуір жоғары деңгейде оқытылды. А. Пушкин, М. Лермонтов, Л. Толстой, А. Чехов, И. Гончаров сынды көптеген сөз зергерлерінің туындыларымен түпнұсқа арқылы таныстық.

Ал, сөз басым Пушкиннің «Руслан мен Людмиласын» және басқа да шағын шағырмаларын, мысалы «Молда мен Балдасын» алдымен қазақ тілінде оқыдым. Сонда орыста да молда болады екен-ау деп танырқағаным есімде. Сондай-ақ, Толстойдың, Мамин-Сибиряктің, Серафимовичтің әңгімелерін, Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты», А. Фадеевтің «Жас гвардия», М. Шолоховтың «Тынық дон» мен «Көтерілген тың», Александр Бектің «Арпалыс», Валентин Катаевтың «Жалғыз жалау жалтылдап» романдарын ана тілінде оқыдым.

Өткеннің бәріне топырақ шаша беруге болмайды. Кеңестік дәуірде біз ең көп оқитын зерделі елге айналдық. Мәселен мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде-ақ, біз, қазақ балалары Виктор Гюго, Джек Лондон, Марк Твен, Жюль Верн, Джонатан Свифт, Стивенсон сынды батыс әдебиетінің көрнекті өкілдерінің «Тоқсан үшінші жыл», «Ақ азу», «Мартин Иден», «Том Сойер мен Геккльбери Финнің басынан кешкендері», «Гулливердің саяхаты», «Қазына аралы» сияқты туындыларының қазақша айтсақ, сүйегін шағып, майын іштік.

Низами, Руставелиден бастап, Самед Вургун, Расул Гамзатов, Сильва Капутикян жырлары әлі күнге дейін жүректі тербейді.

–  Кейінгі кезде әлем әдебиеті мен қазақ жазушыларының қандай туындыларын оқыдыңыз?

Саясат адамы болған соң саяси әдебиетті көп оқимын. Кейінгі жылдары жарық көрген М. Тэтчер, Ли Куан Ю, Дж. Буш (әкесі), У. Клинтон, М. Олбрайттың кітаптарын оқып шықтым.

Өткен жылы философтар Сенека, Цицеронды, М. Аврелийді оқыдым. Ал қәзір Л. Толстой, А. Чеховты басқаша түсініп оқитын болдым. О. Бальзактың біраз шығармаларын қарап шықтым. Осылар өмірге үйрететін кітаптар. Жастар осыларды оқыса көп қателіктерден ажырар еді. Шіркін-ай, уақыт аз, кітап көп.

Жақсы шығарма – жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады. Жаңа шығармаларды оқуға әркез уақыт таюамын. Бұл ертеден қалыптасқан сүйексінді дағды. Мәселен, соңғы кезде Дэн Браунның, Пауло Коэлоның кітаптарымен жете таныстым.

Ал, Абай өлеңдерін қайта айналып оқыған сайын жаңа қарынан тани түсемін. Асыл ой ,тозбас тұжырым алдымнан шығады да тұрады. Абайдың қос томдығын қайта-қайта оқудамын.

– Аса ықыласты әңгімеңізге рахмет, қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің мерейі әрдайым үстем болсын.