Ашық сабақ “Жаздың кезі көңілді”
Екібастұз қаласы білім бөлімнің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы
Альменова Дария Сагыновна
Тәрбиеші 2-санаты
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жаздың кезі көңілді.
Мақсаты: «Жаздың кезі көңілді» тақырыбына шығармашылық әңгіме құрастыру; сөздік қорларын толықтыру; табиғатты сүюге, қорғауга тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұнтаспа, суреттер, атрибуттар, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: жасыл түс көп еді – жаз мезгіліндегі ағаштардың жапырақтарының, шөптердің көптігін білдіреді.
Қос тілдік компонент: көл-озера, бекет- станция, саяхат – путешествие.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңбер жасайды
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Алды менен қонақпен
Амандасып аламыз.
Жарайсындар, балалар біз қазір саяхатқа шығамыз.
– Саяхатқа немен шығамыз,қандай көлік түрлерін білесіңдер?(Ұшақ, тік ұшақ,пойыз,кеме,қайық автобус)
– Ендеше, балалар біз саяхатқа пойызбен шығамыз.
– Ол үшін пойыздың паровозын жүргізетін машинис тағайындауымыз керек.
– Кәне, сендердің араларыңда кімнің бойы ұзын? (Бойы ұзын бала машинистің орнына отырады)
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы пойыздың.
Үнтаспадан пойыздың дыбысы мен жүрісі естіледі.
-Балалар, біз жолда қарап отырмай, терезеден көргенімізді айта отырайық.
– Қарандаршы, табиғат қандай сұлу болып құлпырып кеткен.
– Қазір қандай мезгіл? (жаз мезгілі)
– Ендеше, «жаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
– Ж – дауыссыз;
– А – дауысты;
– З – дауыссыз.
– Өте жақсы, балалар.
– Балалар, біздің пойыз ауылдың шетіндегі бекетке келіп тоқтады.
Балаларға көмек ретінде жаз мезгіліндегі ауыл бейнесінің суреті ілінеді.
-Кәне, не көріп тұрмыз? (Ауыл)
Балалар ауыл сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.
- А –дауысты
- У – дауыссыз
- Ы – дауысты
- Л – дауыссыз. Жарайсыңдар, балалар.
Пойыздың үні естіліп, балалар келесі бекетке келіп тоқтайды.
Бекет «Көл жағасында» деп аталады.
– Осы тақырыпқа байланысты әңгіме құрауларыңды сұраймын.
Балалар көз алдарына елестетіндерші, Балалар суға шомылып жүр.
Олар өте көңілді. Бірнеше бала жағада доп ойнап жүр.
Олар жеңіл киініп алған.
- Балалар, «көл» сөзіне талдау жасайық.
- К – дауыссыз
- Ө – дауысты
- Л – дауыссыз,
Пойыздың дыбысы мен жүрісі естіліп, балалар саяхатын жалғастырыды.
Бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Көл жағалай көп құстар
Ұшып-қонып жатады.
Қиқуланып әр тұстан
Сызылтып үн қатады.
Дөңгеленіп төбеден
Сәулесін күн төгеді.
Жарқын жаздың не деген
Жасыл түсі көп еді.
Сөздік жұмысы
Жасыл түс көп еді – жаз мезгіліндегі ағаштардың жапырақтарының,
шөптердің көптігін білдіреді.
Үнтаспадан пойыздың дауысы естіліп,құстардын дауысы қосылады да
балалар біз орманның ортасыннан өтіп барамыз.
Балалардан құстарды дауысынан танып, атауларын сұрайды.
- Тоқ –тоқ, тоқ-тоқ. (Тоқылдақ)
- Ку –ку, ку –ку (көкек)
- Қарға –қарға. ( Қарға)
– Орман сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
– О –дауысты
– р – дауыссыз
– м –дауыссыз
– а – дауысты
– н –дауыссыз
Қос тілдік компонент: көл-озера, бекет- станция, саяхат – путешествие.
- Балалар, саяхатымыз ұнады ма?
Ал енді тобымызға оралып, дәптерімізді ашайық.
Дидактикалық ойын: «Орнын тап!»
Ойын шарты: дала құстары мен үй құстарын бөліп,
әрқайсысын өз орындарына орналастыру.
Дәптермен жұмыс: тапсырма бойынша дала құстары орманға,
үй құстарын аулаға орналастыру қажет.
Қорытынды:
Саяхат кезіндегі балалар әрекетіне қысқаша талдау.
бағалап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: дыбыстық талдау жасап, шығармашылық әңгіме құрауды.
Түсінеді: Саяхатқа шыққан көңілді екенін.
Қолданады: Ойын арқылы дала құстары мен үй құстарын ажырата алу дағдыларын.
Метки: Ашық сабақ "Жаздың кезі көңілді"