Достық айнасы


Жунусова Куаныш Мирасбековна 

Қостанай облысы Амангелді ауданы  Құмкешу ауылы  Құмкешу жалпы білім беретін орта  мектебі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сабақ мақсаты: оқушыларға білім туралы түсінік бере отырып,білімнің ізгілікке бағытталуының дұрыс әрекет болатынын түсіндіру. Міндеттері: -білімді шыншылдыққа, жақсылыққа бағыттауға үйрету; -бір-біріне деген сыйластық қасиеттерін дамыту -әдептілікке тәрбиелеу.     Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, « Өзін –өзі тану » сабағының ережесін «5–Т» қайталау(5 т:тәртіп,талап,тыныштық, тазалық, татулық) Жағымды көңіл күйге келу «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».   Үй тапсырмасын тексеру 1.Білім сендерге не үшін керек? 2. Білімді не істеу керек? 3.Алдағы өмірде кім болғын келеді?  
Ескерту
Дәйексөз. Білім –өмір шырағы.          Қыздар хормен айтады; Ұлдар хормен айтады; Барлығы хормен айтады.   Осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?      
Оқиғаларды әңгiмелеу   Алғашқы күні Бүгін білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айна алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты. Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді.   Сендер Әселдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?  
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.   1 топ . Мақал – мәтелдерді дұрыс сәйкестендіреді.          Білімдіге дүние жарық.   білім – кітапта.  Жеті жұрттың тілін біл, Білім теңіз   Тіліңмен жүгірме,                                                                                         Білімсіздің күні ғаріп Күш – білімде Жеті түрлі білім біл. Мектеп кеме                                     Біліммен жүгір.   2 топ. Болашақ мектептің суретін салады.                                                                                                 –Сендер болашақ мектепті қалай елестетесіңдер? -Болашақ мектептің қандай болғанын қалар едіңдер?                
Топпен ән айту. «Мұғалім – ол біздің»   Сөзін жазған:М.Әлімбаев Әнін жазған:И.Нүсіпбаев      
Үй тапсырмасы. 24-25 бет оқу.      
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Ал енді балалар, бүгінгі сабақта үйренгенімізді еске түсіріп, жүректеріңізге сақтаңыздар.