Құс сүті (птичье молоко) торты


Таңат Мәдина Жауымбайқызы

Қарақия кәсіптік колледжі өндірістік оқыту шебері

Тақырыбы: Құс сүті (птичье молоко) торты

Мақсаты:

Білімділік: Құс сүті торты құндылығы мен өзіндік ерекшелігі туралы түсінік бере  отырып,  дайындау технологиясын үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыра отырып, эстетикалық  және технологиялық талапқа сай дайын өнімдерді жіберуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шебер сынып, сарамандық жұмыс

Сабақтың әдісі: әңгіме, түсіндіру, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыру, нұсқау беру, тәжірибелік жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тағам дайындау технологиясы, азық-түлік тауарларын тану.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: нұсқау карта, кесте, қалып, қасық, миксер,  т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, құрал-жабдықтарды түгендеу, тексеру.

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар мен ұстаздар қош келдіңіздер!

Бүгінгі шебер сыныптың тақырыбы «Құс сүті» торты.

«Құс сүті» тортын 1978 жылы Мәскеудің «Прага» мейрамханасының кондитерлік цехының ұжымы кондитер аспаз Владимир Гуральниктің жетекшілігімен ойлап тапқан. Торт шоколадты қамырдан жасалады. Сары май, қоюландырылған сүт, желатин, жұмыртқаның ақ уызы, шоколадты глазурімен жабылған. Құс сүті торты КСРО кезінде патент берілген алғашқы торт. «Құс сүті» тортын өндіру үшін күніне екі мың өнім шығаратын арнайы цех жабдықталды, бірақ торт жетіспеді.

Жаңа сабақ

Технологиялық нұсқау картасы

 Қажетті өнімдер атауы Шикізат шығыны
Ұн 1 стақан
Жұмыртқа сарысы 7 дана
Секер 125 гр
Сары май 100 гр
Ванилин 1 қасық
Разрыхлитель 1 қасық
Суфле дайындау
Жұмыртқа ақ уызы 7 дана
Желатин 20 гр
Секер 125 гр
Сары май 170 гр
Қоюландырылған сүт 250 гр
Лимон қышқылы ¼ қасық
Глазурь дайындау
Шоколад 150 гр
Секер 30 гр
Сливки 180 гр
Сары май 30 гр
Алдымен коржын дайындаймыз. 7 жұмыртқаның ағы мен сарысын айырып аламыз. Ақуызды тоңазытқышқа салып қоямыз. Сары уызға секер, ванилин қосып миксермен араластырамыз. Сосын сары май қосамыз.

Ыдысқа ұн салып үстіне разрыхитель саламыз. Ұнды сары уызға қосып қасықпен араластырамыз. Қалыпқа пергамент қағаз төсеп, тестаны құйып 200 градус температурада 20 мин пісіреміз.

 

20 гр желатинге су құйып ісінуе қоямыз. Торт пісіп салқындағанша суфле дайындаймыз. Алдымен сары майлы крем дайындаймыз, миксермен араластырамыз, үстіне қоюландырылған сүтті қосамыз.
Ісінген желатинге секер қосып отқа қойып қыздырып, суытамыз. Ақ уызды шығарып, миксермен қатты жылдамдықпен араластырамыз. Оған лимон қышқылын қосамыз, біртіндеп секер, ванилин қосамыз. Араластыра отырып салқындаған желатинді жұқа ағында құямыз. 
1,5 сағаттан кейін глазурь дайындаймыз. Кастролге сливки құйып, секер салып отқа қоямыз. Ысытып шоколад пен сары май қосамыз. Суытып глазурьді торттың бетіне құямыз.
Миксерді орташа деңгейге азайтып, біртіндеп майлы кремді қосамыз. Корждың ортасынан кесіп, бір бөлігін қалыпқа салып, дайын болған суфленің жартысын саламыз. Екінші коржды салып, қалған жарты суфлені саламыз. 1,5-2 сағатқа тоңазытқа қатырып қоямыз.

 

Алдымен коржын дайындаймыз. 7 жұмыртқаның ағы мен сарысын айырып аламыз. Ақуызды тоңазытқышқа салып қоямыз. Сары уызға секер, ванилин қосып миксермен араластырамыз. Сосын сары май қосамыз. Ыдысқа ұн салып үстіне разрыхитель саламыз. Ұнды сары уызға қосып қасықпен араластырамыз. Қалыпқа пергамент қағаз төсеп, тестаны құйып 200 градус температурада 20 мин пісіреміз. 20 гр желатинге су құйып ісінуе қоямыз. Торт пісіп салқындағанша суфле дайындаймыз. Алдымен сары майлы крем дайындаймыз, миксермен араластырамыз, үстіне қоюландырылған сүтті қосамыз. Ісінген желатинге секер қосып отқа қойып қыздырып, суытамыз. Ақ уызды шығарып, миксермен қатты жылдамдықпен араластырамыз. Оған лимон қышқылын қосамыз, біртіндеп секер, ванилин қосамыз. Араластыра отырып салқындаған желатинді жұқа ағында құямыз.  Миксерді орташа деңгейге азайтып, біртіндеп майлы кремді қосамыз. Корждың ортасынан кесіп, бір бөлігін қалыпқа салып, дайын болған суфленің жартысын саламыз. Екінші коржды салып, қалған жарты суфлені саламыз. 1,5-2 сағатқа тоңазытқа қатырып қоямыз. 1,5 сағаттан кейін глазурь дайындаймыз. Кастролге сливки құйып, секер салып отқа қоямыз. Ысытып шоколад пен сары май қосамыз. Суытып глазурьді торттың бетіне құямыз.

Ағымдағы нұсқау:

  • Қауіпсіздік ережесіне;
  • Санитариялық ережелерінің сақталуына;
  • Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына;
  • Өнімді  дайындау барысында, дайындау технологиясының сақталуына назарын аударамын.

Жұмыс орнын жинастыру. Назарларыңызға рақмет!