«Тарихи құзіреттілік» авторлық бағдарлама


Джаламов Азиз Аблизович –  Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шырын орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Ұсынылып отырған тапсырмалар жинағы оқушыларға арналған «Тарихи құзіреттілік» таңдаулы курсына құрастырылған. Бұл таңдаулы курс сендердің дүниежүзі тарихы пәні бойынша терең білім алуға, оны жетілдіруде басшылық жасайды. Жинақта берілген тест тапсырмалары оқушылардың білім деңгейін көтеріп, өткен тақырыпты бекітуга жағдай жасайды.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың ауызша жауабы тыңдалады, дәптермен жұмыс жүргізіледі, жауап беруге бүкіл сынып қатыстырылады, топпен жұмыс, құжаттармен жұмыс, реферат қорғау, кесте толтыру, сұрақтарды талдау, өздік тапсырмаларды орындау т.б. әдістерді қолдану барысында оқушылардың белсендігі артады.     

 Әр бағдарламаның өзіндік ерекшелігі бар. Бұл бағдарламада әлем тарихындағы мәселелер, оқиғалар, тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер жан-жақты қамтылған. Оқушылар  бұл тапсырмалар жинағымен жұмыс жүргізу барысында ізденіске талпынады. Қосымша әдебиеттерден керекті материалдарды тауып пайдаланады. 

Қосымша материалдар пайдалану арқылы оқушылар шығармашылық жұмысқа дағдыланады. Өз бетімен сызба, кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру арқылы оқушы білімділігі тексеріледі. Оқушының болашақта мамандық таңдауына да бағыт бағдар береді.

Тапсырмалар жинағындағы:

Глоссарий-бұл бөлімде оқушыларға тест тапсырмаларында,тақырыпқа дайындық барысында кездесетін термин сөздерге түсінік беріледі.

Даталармен жұмысқа арналған кестелер: бұл  жұмыс екі бағытта жүргізіледі. Кейбір даталардың қатарында сол жылдары болған оқиғалар жазылса, енді бірінде оқиғалар жөнінде ешбір мәліметтер берілмеген. Сол себебтен екі түрлі даталармен жұмыс жүргізу сабақты бекіту барысында қолдануға болады.

Тарихи диктанттар– оқушыларға тарихи кезеңдерді сипаттауға, болған оқиғалардың хорнологиялық жалғасын табуға дағдыландырады,

Тест тапсырмалары-оқушы білімін тексеру мақсатында тақырып бойынша тестік, логикалық, проблемалық сұрақтарға жауап беруге дағдыланады. Маңызды тарихи деректерден тарихи тұлғалар туралы сол тұстағы өлең жырлар, тарихи деректер келтірілген үзінділерді есте сақтау қабілеті артады.  Тест материалдары әрбір көлемді тақырып бойынша беріледі. Оқушылар өткен тақырып бойынша меңгерген білімдерін көрсете, немесе тексере алады.

Тест тапсырмаларымен жұмыс істеу барысында мына ережелерді ескерулерінің қажет: Тапсырманың мазмұнымен толық танысып, дұрыс жауап беруге тырысыңыз;Сұрақтарға жауап беру үшін не білу керек екеніңізді анықтаңыз;Әрбір сұрақтың шешуін мұқият тексер;

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/5-Джаламов.doc” download=”all” viewer=”microsoft”]