«Негізгі биология» тақырыбында қолданбалы курсына арнап жазылған авторлық бағдарлама


Каныбетова А.Х. – Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің биология пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Бағдарламада биология пәні бойынша орта білімнің мемлекеттік стандартына сай тақырыптар қарастырылды. Оқулықтағы базалық оқу жоспарында аз қамтылған материалдар мен сағат санына сәйкес көлемі ауқымды тақырыптарды тереңірек қамту мақсатында жүзеге асырылады. Оқушылардың төменгі сыныптарда алған биологиялық білімдерін жинақтап, қорыта отырып, бұл бағдарлама биологиялық заңдылықтарды, заманауи теорияларды, концепциялар мен ілімдерді терең мағынада түсініп қабылдауды қамтамасыз етеді. Бағдарламада оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға көңіл бөлінген.

Оқулықтағы негізгі тақырыптар базалық білім ретінде сабақта толығымен оқытылса, курстың материалдары оқушылардың тереңірек білім алуына және таным көкжиегін кеңейтуге, қызығушылықтарын арттыруға, биологиядан алған білімдерін бекітіп, қорытуға себепші болады. Негізгі бөлімдерден кейінгі орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін, сапасын бағалап, болжап, қателіктерді түзету бағытында жұмыстануға болады.

«Негізгі биология» курсы жаратылыстану-математика бағытына арналып 1 жыл оқытуға және аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа жоспарланған.

Бағдарламаның мақсаты:

  • биология пәні бойынша білім сапасын арттыру;
  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімін өмірде, тұрмыста қолдануға тәрбиелеу;
  • бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Төменгі сыныптарда биология пәнінен негізгі бөлімдер бойынша білімдерін қайталау, бекіту және тереңдету;
  • Биологиялық білімдерін орнымен қажет уақытында пайдалана білу және биологиялық обьектілер туралы ақпаратты табу және талдай білу;
  • Танымдық, зияткерлік және шығармашылық қызығушылықтары мен қабілеттерін әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауда пайдалану;
  • Әртүрлі білім тексеру әдістері арқылы оқушылардың өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауын дамыту.
  •  

 Күтілетін нәтижесі:

Бұл жеке және топтық жұмыстар бағдарламасында биология пәні бойынша орта білімнің мемлекеттік стандартына сай барлық негізгі тақырыптар қарастырылды. Курс бағдарламасы мемлекеттік емтиханға және Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық және олимпиадаларға дайындық ретінде қолдануға ұсынылады. Курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқушылардың биология пәнінен сауаттылығы артады, оқушылар биология пәнінен дайындықтың жоғарғы деңгейіне жетеді. Биология ғылымы туралы түсініктері кеңейе түседі.

Оқушылар білуге тиіс:

1) биологиялық негізгі ұғымдар мен терминдер;

2) міндетті, стандартты деңгейдегі білуге тиісті негізгі ұғымдар;

3) тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлері;

4) жасушалық теорияның негізгі қағидалары;

5) жасуша құрамы мен қасиеті;

6) генетикалық код, геннің құрылысы мен қызметі;

7) прокариоттар және эукариоттар, автотрофтар мен гетеротрофтар жасушаларының құрылысы мен қызметі;

8) пластикалық және энергетикалық алмасу мен олардың маңызын, өсімдіктердегі пластикалық алмасу ерекшеліктерін және ғарыштық рөлі;

9) хромосомалардың тұқым қуалау ақпаратын сақтау және тасымалдаудағы рөлі;

10) митоз, мейоз, ұрықтану, олардың маңызы;

11) негізгі генетикалық түсініктер, Г.Мендель және Т.Морган заңдары;

12) адам генетикасын зерттеу әдістері;

13) тұқым қуалаушылық заңдылықтары, өзгергіштік түрлері, маңызы;

14) бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар патшалығының ерекшеліктері мен олардың жіктелуі;

15) адам организмінің құрылысы, тіршілік әрекеті, мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметі;

16) эволюциялық ілімнің пайда болуы, негізгі көзқарастар, қазіргі эволюциялық теориялар, микроэволюция, макроэволюция;

17) адамның шығу тегі, эволюциясы;

18) биосфераның құрам бөліктері, дамуы, тұрақтылығы; экожүйе мен оған тән заңдылықтар.

Пәнаралық байланыс: медицина, география, математика, экология, тарих, физика.

«Негізгі биология» бағдарламасының мазмұны

1-бөлім. Биология – тірі табиғат туралы ғылым (1 сағат)

1. Биология ғылым ретінде. Биологияның адам өміріндегі маңызы. Тірі ағзаның қасиеті мен белгілері. Тіршіліктің құрылым деңгейлері.

Биология ғылым ретінде, оның жетістіктері, тірі табиғатты зерттеу әдістері. Биологияның қазіргі ғылым әлеміндегі рөлі.

Тіршіліктің құрылым деңгейлері: жасушалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биоценоздық, биосфералық. Биологиялық жүйелер. Биологиялық жүйенің жалпы қасиеттері: жасушалық құрылым, химиялық құрамының ерекшелігі, зат айналымы және энергия айналымы, гомеостаз, тітіркенгіштік, қозғалыс, өсу және даму, көбею, эволюция.

2-бөлім. Жасуша тірі жүйе ретінде (7 сағат)

2. Жасушалық теория. Жасуша – тіршіліктің құрылым бірлігі ретінде.

Қазіргі заманғы жасушалық теория. Жасуша туралы ілімнің дамуы. Тірі ағзалар туыстығының дәлелдері.

Прокариоттар мен эукариоттар. Өсімдік, жануар, бактерия, саңырауқұлақ жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы.

3. Жасушалардың көптүрлілігі. Өсімдік, жануар, бактерия, саңырауқұлақ жасушаларының құрылысы.

Жасуша – тірі организмдердің құрылымдық, қызметтік, өсу және дамуының бірлігі. Жасушалардың көптүрлілігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы, салыстырмалы сипаттамасы, органоидтар қызметі.

Жасушаның химиялық құрамы. Макро және микроэлементтер. Жасуша құрамына кіретін бейорганикалық және органикалық заттардың өзара байланысы. Химиялық заттардың жасушадағы және адам организміндегі маңызы.

4. Метаболизм. Жасушадағы энергия айналымы.

Зат айналымы мен энергия айналымы-тірі организмдерге тән қасиет. Энергетикалық және пластикалық алмасу, олардың өзара байланысы.Энергия айналымының сатылары.

5. Фотосинтез және хемосинтез.

Фотосинтез процесі және оның маңызы. Фотосинтез фазалары. Хемосинтез. Ғаламшардағы хемосинтездеуші бактериялардың рөлі.

6. Пластикалық алмасу. Нәруыз биосинтезі. Генетикалық код.

Жасушадағы генетикалық ақпарат. Гендер, генетикалық код және оның қасиеттері. Нәруыз биосинтезінің матрицалық принципі.

7. Хромосомалар. Жасушаның тіршілік циклі. Митоз. Мейоз.

Жасуша – тірішіліктің генетикалық бірлігі. Хромосомалар, олардың құрылысы және функциясы. Сомалық және жыныс жасушалары. Жасушаның тіршілік циклі. Митоз – сомалық жасушалардың бөліну жолы. Мейоз. Митоз және мейоз фазалары. Өсімдіктер мен жануарлардың жыныс жасушаларының дамуы. Жасушаның бөлінуі – организмдердің өсуі, дамуы және көбеюінің негізі. Митоз бен мейоздың биологиялық рөлі.

8. Білімді тексеруге арналған тест тапсырмалары.

3-бөлім. Организм биологиялық жүйе ретінде (17 сағат)

9. Вирустар – жасушасыз тіршілік формасы.

Организмдер көптүрлілігі: біржасушалы және көпжасушалы; автотрофтар және гетеротрофтар. Вирустар – жасушасыз тіршілік формасы. Вирустық аурулардың алдын алу шаралары.

10. Организмдердің жыныссыз көбеюі.

Организмдердің көбеюінің маңызы. Көбею түрлері, жыныссыз және жынысты көбею жолдарының ұқсастығы және айырмашылығы. Вегетативті көбею жолдары. Жыныссыз және жынысты көбеюді адамның шаруашылықта пайдалануы.

11. Жынысты көбею. Ұрықтану. Организмдердің жеке дамуы. Онтогенезге әсе етуші факторлар.

Гүлді өсімдіктер мен жануарларлың ұрықтануы. Сырттай және іштей ұрықтану.

12. Эмбрионалды даму.

Онтогенез және оған тән заңдылықтар.Организмдердің эмбрионалды және постэмбрионалды дамуы. Эмбрионалды даму кезеңдері және оның бұзылуының себептері.

13. Генетика ғылымы. Негізгі генетикалық түсініктер. Тұқымқуалаушылық заңдылықтары және цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру. Толымсыз доминанттылық. Талдаушы будандастыру.

Генетика, оның міндеттері. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік. Генетика әдістері. Негізгі генетикалық түсініктер мен шартты белгілер. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Ген және геном туралы қазіргі заманғы түсініктер. Закономерности наследственности, их цитологические основы. Г.Мендель ұсынған тұқым қуалаушылық заңдылықтары және оның цитологиялық негіздері (моногибридті будандастыру).

14.Есептер шығару.

Моногибридті будандастыру бойынша есептер шығару, толымсыз доминаттылық, талдаушы будандастыру.

15. Дигибридті будандастыру, цитологиялық негіздері.

Г.Мендель ұсынған тұқым қуалаушылық заңдылықтары және оның цитологиялық негіздері (дигибридті будандастыру).

16. Есептер шығару.

Дигибридті будандастыру бойынша есептер шығару.

17. Тұқым қуалаушыдықтың хромосомалық теориясы. Т.Морган заңдары. Тіркесіп тұқым қуалау. Кроссинговер.

Т.Морган заңдары: белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы, гендер тіркесінің бұзылуы. Кроссинговер.

18. Есептер шығару.

Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы және кроссинговер бойынша есептер шығару.

19. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы.

Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы. Адам генетикасы. Адам генетикасын зерттеу әдістері.

20. Есептер шығару.

Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы бойынша есептер шығару.

21. Генотип . Гендердің өзара әсерлесуі.

Генотип біртұтас жүйе ретінде. Гендердің өзара әсерлесуі. Эпистаз, комплементарлық, полимерия.

22. Өзгергіштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік.

Өзгергіштік заңдылықтары. Тұқым қуаламайтын (модификациялық өзгергіштік) Реакция нормасы.

23. Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері. Адамның тұқым қуалайтын аурулары, оның себептері, алдын алу шаралары.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік: мутациялық, комбинативтік. Мутация түрлері және оның себептері. Өзгергіштіктің органимздер тіршілігіндегі және эволюциялық маңызы. Адамның тұқым қуалайтын аурулары, оның себептері, алдын алу шаралары. Мутагендер, алкоголь, есірткілік заттар және никотиннің жасушаның генетикалық аппаратына зиянды әсері. Қоршаған ортаны мутагендермен ластанудан қорғау. Қоршаған ортадан мутагендерді анықтау (жанама жолмен) және олардың организмдерге әсер ету мүмкіндігін бағалау.

24. Селекция, оның дамуы және негізгі әдістері. Биотехнология.

Селекция, оның міндеттері және шаруашылықтағы маңызы. Н.И.Вавиловтың селекцияның дамуы үшін қосқан үлесі. Селекция әдістері және оның генетикалық негіздері. Өсімдіктердің жаңа іріктемелері, жануарлардың жаңа қолтұқымдары,  микроорганизмдердің жаңа штаммдарын алу әдістері. Генетиканың селекция үшін маңызы.

Биотехнология және оның бағыттары. Жасушалық және гендік инженерия, клондау. Биотехнологияның қалыптасуы және дамуындағы жасушалық теорияның рөлі. Биотехнологияның селекция, ауыл шаруашылығы, микробиологияда, ғаламшар генофонды сақталуындағы маңызы.

25. Тақырыптарды пысықтауға арналған тест тапсырмалары.

4-бөлім. Организмдер көптүрлілігі (9 сағат)

26. Жүйелеу. Тірі организмдердің негізгі жүйелік топтары. Бактериялар, құрылыс ерекшелігі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Организмдер көптүрлілігі. К. Линней және Ж.Б. Ламарк еңбектері. Негізгі жүйелеу категориялары: түр, туыс, тұқымдас, отряд (қатар), класс, тип (бөлім), патшалық.

Бактериялар патшалығы, құрылысы, тіршілік әрекеті, көбеюі, табиғаттағы рөлі. Бактериялар – өсімдіктер, жануарлар, адамның әртүрлі ауруларының қоздырғыштары. Бактериялар тудыратын аурулардан сақтану шаралары.

27. Саңырауқұлақтар, құрылыс ерекшелігі және тіршілік әрекеті, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қыналар.

Саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшелігі және тіршілік әрекеті, көптүрлілігі, органикалық дүниедегі орны. Саңырауқұлақтар патшалығының басқа патшалықтардан ерекше белгілері, жіктелуі , табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Қыналардың симбиотиклық ағзалар ретінде ерекшеліктері, құрылысы, қоректенуі, көбеюі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.

28. Өсімдіктер патшалығы, негізгі белгілері. Өсімдік ұлпалары, қызметі. Вегетативті және генеративті мүшелер, олардың қызметі.

Өсімдіктер патшалығы. Құрылысы (ұлпалар, жасушалар, мүшелер), тіршілік әрекеті және көбеюі.

29. Өсімдіктердің тіршілік әрекеті және көбеюі.

Өсімдіктердің тіршілік әрекетінің ерекшеліктері.

30. Өсімдіктер жіктелуі. Балдырлар, оларға тән белгілер, адам өмірі мен табиғаттағы маңызы.

Төменгі сатылы өсімдіктер – балдырлардың ерекшеліктері, оларлың таралуы және пайда болуы, бактериялармен салыстырғанда құрылысының, қоректенуінің күрделенуі, олардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.

Жасыл балдырлар, қызыл және қоңыр балдырлар.

31. Мүктер, плаунтәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, олардың ерекшеліктері адам өмірі мен табиғаттағы маңызы.

Мүктәрізділердің ерекшелігі (таралуы, қоректенуі, көбеюі). Шымтезек мүгі және жасыл мүк. Балдырлармен салыстырғанда құрылысының күрделену белгілері.

Плаунтәрізділер мен қырықжапырақтәрізділердің мүктәрізділермен салыстырғанда құрылысының, тіршілік әрекетінің күрлеленуі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.

32. Ашық тұқымдылар, оларға тән белгілер, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Ашық тұқымдылардың құрылыс және тіршілік әрекетінің ерекшелігі, қырықжапырақтәрізділермен салыстырғанда күрделенуі.

33. Жабықтұқымды өсімдіктер. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер, оларға тән белгілер.

Даражарнақты және қосжарнақтылардың негізгі тұқымдастары. Жабықтұқымдылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Жабықтұқымдылар құрылысының ашық тұқымдылармен салыстырғандағы ерекшеліктері(құрылысы, көбеюі, дамуы). Даражарнақтылар мен қосжарнақтыларға тән белгілер, тұқымдастары.

34. Қорытынды тестілеу.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/7-Каныбетова-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]