РЕЦЕНЗИЯ №86 – 30.09.2022 ж.


Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, «№27 орта мектеп-гимназиясы» КММ география пәнінің мұғалімі А.Е. Молдақыновтың

«Географияны оқыту әдістемесінің даму тарихы, құрылымы» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

«Географияны оқыту әдістемесінің даму тарихы, құрылымы» атты әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Әдістемелік құралдың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі көрсетілген.

          Автор негізгі бөлімді екі бөлімге бөліп қарастырады. Бірінші бөлімде географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарды пайдалану әдістемесінің ғылыми негіздері, география курсында пайдаланатын оқу-құрал жабдықтарын классификациялау мәселесі, география  кабинетін жабдықтауға қойылатын талаптар сияқты мәселелер талқыланған. Екінші бөлім «Географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарымен жұмыс жасаудың әдістемесі» деп аталып, «Географияны оқытудың негізгі құралдарымен  жұмыс істеу әдістемесі», «География кабинетіне қажетті оқу-құралдарын  жасау», «Географиялық алаң және ондағы оқу-құрал жабдықтарымен жұмыс  жасаудың әдістемесі» атты ішкі тараулардан тұрады.

          География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдалану бiлiмнiң негiзгi көзi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың іскерліктері мен дағдылары  қалыптасады.

          География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың  әдіс – тәсілдерін,  үлгі-жоспарларын орта мектептің география пәнінің мұғалімдері пайдалануына болады.  

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ

педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.К. Султанова