РЕЦЕНЗИЯ №88 – 30.09.2022 ж.


Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №129 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.И. Юнусованың «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиадалық тапсырмалар» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

          Автор Г.И. Юнусованың «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиадалық тапсырмалар» аталатын әдістемелік оқу құралында сабақ жоспарлары, дәстүрден тыс сабақ үлгілері берілген.

          Әдістемелік құралда берілген қосымша жұмыстарды орындау барысында мұғалім де, оқушы да өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алады.

          Әдістемелік құралда эссе жазуда басшылыққа алынатын дүниелер: 1. тақырып таңдау; 2. жоспар құру; 3. эпиграфтың алынуы және эпиграфтың тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес келуі; 4. пікірлердің, ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақтаудың қажеттілігі туралы айтылады. Сондай-ақ эсседе жіберілетін негізгі кемшіліктер: а) тақырыптан ауытқушылық; ә) кіріспенің тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болмай қалуы; б) пайымдауың, дәйексөздің, салыстырудың негізгі пікірге байланысты алынбай қалуы; в) қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пайдаланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылмай қалуы; г) негізгі бөлімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын ескеру; д) қорытындының негізгі пікірдің төңірегінде жазылуы сияқты мәселелер төңірегінде қарастырылған.

          Бұл әдістемелік оқу құралын жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен көмекші құрал ретінде  ұсынуға болады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

PhD (философия докторы):                                                 М. Аманғазықызы