“Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту” Авторлық бағдарлама


Абдрахманова Гульзира Кажыгабылқызы
Абай облысы Аягөз ауданы
“Аягөз қаласы 6 бөбекжай- балабақша”
Тәрбиеші

Түсінік хат

Таным үрдістерін дамытудың соңғы нәтижесі, ол – ең кереметтің, күштінің және қиынның көрінісі, яғни адам өз тілінің, өзінің байланыстырып сөйлеу тілінің жемісі болып саналады. Байланыстырып сөйлеу тілі сөз қорының байлығын, тіл заңдылықтары мен мөлшерін, яғни грамматикалық құрылымын меңгеру, сонымен қатар оларды тәжірибеде қолдануға әкеледі, ал тәжірибелік білім тіл материалын меңгере білуіне, соның ішінде толық, байланыстыра, бірізділікті және қоршаған ортадағы жағдайларды қарастыруда дайын мәтіннің мазмұнымен немесе өз бетімен байланыстырып мәтін құруға итермелейді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша мектепке дейінгі және кіші жастағы балалардың тілін дамыту тек қарапайым ситуациялық түрде ғана көрінеді. Бала мақсатсыз түрде ойындағы жалғыз бір көріністі бір ғана сөзбен сипаттайды. Басқа да ой елегінен өткізіп, толық, мәнді айту оның ойына келмейді, тек сұрақты жаудыртсаң ғана сол сұрақтарға нақты жауап беруге тырысады не бірден ойын толық жеткізуге тартынады. Сол себептен балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Балаға өз ана тілін меңгерту мектепке дейінгі берілер білімнің маңыздысы болып табылады. Ол қазіргі мектепке дейінгі білім беру ісінде бала тәрбиесінің негізгі іргетасы ретінде бағаланады. Мектепке дейінгі баланың тілді меңгеру үдерісі үлкендер және балалармен қарым – қатынас жасауымен және қоршаған ортаны тануда, өзінің ойы мен сезімдерін толыққанды айта білу мүмкіндігімен тығыз байланысты. Соңғы жылдары балалардың сөйлеу деңгейлері дамуының төмендеуі ерекше байқалуда. Ең біріншіден бұл балалардың денсаулығының нашарлауымен байланысты, бұл фактор олардың (сөйлеу деңгейлері) дамуына тікелей әсер етеді. Тілдің жақсы дамуы – мектепалды дайындықтың негізгі көрсеткіші болып табылады. Баланы мектепке жақсы дайындау, сауатын ашудың негізін қалау тілді ауызша дамыту үдерісінің сапасына байланысты. Тілді дамытуға:

сөйлеу үлгілерін беретін тілдік орта;

тілдік белсенділік;

балалардың өзінің тілдік тәжірибесі қажет.

Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, логоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі. Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады.

Мнемокестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың уақытын біршама азайта отырып, тақпақты жатқа айту,әңгімелеп беру, шығарманы мазмұндау дағдыларын, балаларда ойлау, қабылдау, қиялдау, есте сақтау т.б псиихикалық процестерін дамытады. Сол сияқты, ақыл – ойын дамыту, жылдам ойлауға, салыстыра білуге, ұқсастықты таба білу іскерліктерін арттырады.

Мектепке дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.

Әсіресе 6-7 жастағы балалардың тілдің дамуында ерекше маңызы бар. Балаларда танымдық белсенділік арттылады.

Баланың тілін дамыту үшін 6-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, логоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы,  сөйлеудің грамматикалық  дұрыстығын  жүзеге  асыруы  және тілдің  дамуы.

Ересек топтан бастап балаларда қоршаған әлем туралы түсініктер бар болғанда, таңбалы рәміздерді құрастыруға өздеріне жасауға болады. Бала өзі таңба жасайды, одан кейін мұғалім сәйкес келетін рәмізді таңдап алады. Заттардың белгілері мен күйін (көңілді, ызалы, аянышты, т.б), іс – әрекетті білдіретін таңбалы рәміздерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен ойнау және эмоциялымдық деңгейде әрекетті көрсету қажет. Әңгіме, өлең, логоритмикалық жаттаулар жаттағанда әрбір дыбысталатын сөзді алмастыруға болады. Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ ( мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн.

Өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттауда ондағы бірнеше рет қайталанып келетін сөз тіркестерін сөздерді рәміздермен алмастырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар 5-7 сөйлем құрастыру қажет.

Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді. Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді. Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.

логоритмикалық жаттығулар танымдық процестердің, есте сақтау, зейін, қозғалыс дағдылардың, дыбыстардың айтылуының, сөйлеу функционалды жүйесінің және барлық сөйлеу құрамының дамуына бағытталған. Ұсынған жаттығулар сипаттау сызбалар арқылы жатталады, содан кейін бірге айтылады және әр түрлі қимылмен көрсетіледі. Логоритмикалық жаттығуларды орындағанда,балалар педагогпен бірге ортада тұрған жөн, сонда балаларды көруге, қозғалуға және сөйлеу материалын орындауға мүмкіндік бар. логоритмикалық жаттығуларды өткізуде балалар спецификалық дыбыстардың дұрыс айтуын жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды, сонымен қатар ымның, қозғалыстың дағдылары, жалпы және ұсақ моториканың нақтылығы мен үйлестіруі дамиды.

Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді.

Мақсаты: Мнемотехника арқылы балалардың сөйлеу қабілетін арттыру.

Міндеттері:

Балалардың зерделi дамытуын деңгейдi жоғарлату.

I. Танымдылық

Қоршаған орта туралы танымдық мәлiметтердi жүйелеуiн реттеуде балаларға көмектесу.

II.Дамытушылығы:

Мнемотехниканы меңгеру арқылы мәлiметтi (кодтау ) есте сақтау көлемi ұлғаяды. (маңызды белгiлермен заттар және құбылыстардың атрибуттарын айқындау, жұмбақтардың шешуi) аналитикалық және ойлауды (базистiк таңбалар көмегiмен мәлiметтiң кодтау және қайта кодтауы) бейнелi түрде функцияны, ұғымдық ойлау, ықылас, елестетудi дамыту.

Монологты сөйлеуді жетiлдiру,ойын жеткізе білуге,өз жауабының дұрыстығын дәлелдеуге дағдыландыру.

III. Тәрбиелiгi:

Мәлiметтер жинау арқылы қысқа- әңгімелерді құруға  дербестiгін жетiлдiру.

Зерделi жұмыстың  нәтижелерiнен  көруге  шақыру.

Балалар бiр-бiрiмен ынтымақтасып, жора-жолдастардың жауаптарын тыңдап естiп, оларды толықтырып, қажеттiлiк  жағдайда  көмектесуге  үйрету. 

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Авторлық-бағдарлама.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]