РЕЦЕНЗИЯ №100 – 04.09.2022 ж.


Абай облысы, Аягөз ауданы, «Аягөз қаласы 6 бөбекжай-балабақша»

тәрбиешісі Г.К. Абдрахманованың

«Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          «Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту» атты авторлық бағдарламаның мақсаты – дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың білім, білік және дағдылар жайында түсініктерін кеңейту, алған білімдерін тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру. Бағдарламада ұсынылған ойындар баланың қызығушылығын туғызып, арттыратындай іріктеліп алынған.

          Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады.

          Аталған бағдарламада ойын процесі мен оқу процесі бір-біріне етене ұластырылып ұйымдастырылған. Бұл баланың ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуына септігін тигізеді. Яғни ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі.

          Жалпы «Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту» атты авторлық бағдарламаны мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ,

педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.К. Султанова