АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА “Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірудегі дифференциалды есептеулер”


Оразгалиева А. Е.   – Маңғыстау облысы Ақтау қаласының математика пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

«Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірудегі дифференциалды есептеулер» атты авторлық бағдарламаның артықшылығы оқушылардың мектеп бағдарламасында алған білімдерін жан-жақты практикалық тапсырмаларда талдай алуына мүмкіндік беруге ықпал жасауында.

Тақырыптың өзектілігі:

-бұл  курсты  ұйымдастыру  арқылы  әр  оқушының  даму  деңгейі,  білімі,  қабілеттерінің  дамуына  жағдайлар  жасалып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  қалыптасуына мүмкіндіктер туғызылады;

–  қазіргі  заманауи  білім  беруде  кіріктірілген білім беру аса  маңызды мәселелердің бірі болып табылады;

-ұсынылған тапсырмалар  мәселені  айқындау  оқушыны  шығармашыл жеке  тұлға,  зерттеуші  ретінде  сезінуіне,  өзін-өзі  дамытуына мүмкіндік береді;

-мұғалімдерге де біліктілігін жетілдіру жеке тұлғаны дамытуда маңызды роль атқарады;

-сыни ойлауға   байланысты  оқушының  интеллектуалдық  және практикалық біліктілігі қалыптасады, дамиды.

Мақсаты – оқушыларының алгебра және математикалық анализ элементтері сабағында есептеулерден бөлек сыни ойлау, патриоттық , шығармашылық-ізденушілік, талдау-жинақтау ойлау дағдыларын дамыту болып табылады.

Оқу  тәртібін(курс, факультатив) енгізудің себептері:

оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіруге байланысты олимпиадаға дайындыққа арналған әдістемелік құралдардың талаптарға  сай  болмағандықтан  курсты  енгізу қажеттілігі туындап отыр;

-практика мен теорияның арасындағы қарама  –  қайшылықтың болуы оқу  үдерісіндегі  курсты енгізудің негізгі себебі болып табылады.

«Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірудегі дифференциалды есептеулер» атты авторлық бағдарламасының негізгі  міндеті  –  базалық  оқуға  кіретін мектеп  пәндері  бойынша  білімді  тереңдету  және  кеңейту болып табылады.

Бағдарламалық материалдың ерекшеліктері:

-Осыған байланысты пән ерекшелігі  алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен функционалдық сауатталыққа бағытталған;

– Бұл бағдарлама кең ауқымды кіріктірілген және алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен функционалдық сауатталыққа оқу-әдістемелік кешенді қолдану арқылы жүзеге асырылады.

-Берілген бағдарламаның ерекшелігі алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен олимпиадаға дайындыққа  арналған болып табылады.

-Оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  заманауи  талаптарға  сай  және қолдану үшін бағдарламада тапсырмалардың құрылымына ерекше мән берілген.

-Ұсынылатын  бағдарлама  …  болып  табылды.  Ол  алгебра және математикалық анализ элементтері курсының негізінде құрылған.

Курстың (факультативтің) жүргізілу тәртібі:

-Курс алгебра және математикалық анализ элементтері оқу жоспарына енгізілген пәндер қатарына кіреді; 

-Берілген курсты оқыту алгебра және математикалық анализ элементтері пәндерімен тығыз байланысты;

Курс кім үшін ұйымдастырылады:

-бұл таңдау курсы оқыту бағдарына тәуелсіз, пәнге және оның  қолданбалы  аспектілеріне  қызығушылық          білдіретін  оқушыларына арналған.

-Бағдарлама  оқушылары  үшін  құрастырылған, сондай-ақ практикалық қолданысына тапсырмалар көп. 

-Курс мектеп оқушылары үшін ұсынылған.

Бағдарлама құрылымы:

Негізінен 9 ірі тараудан тұрады: бірінші тарауда – алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірудегі дифференциалды есептеулер пайда болуы мен тарихы туралы айтылады.

 Ал, екінші бөлімінде алгебра және математикалық анализ элементтері пәні МЖББС сай тақырыптар бойынша тапсырмалар құрастырылып, күрделі есептерді толыққанды шығару жолымен , ал орташа деңгейлі есептердің нұсқаулығы көрсетілген, ал оңай есептердің тек дұрыс жауабы көрсетілген.

Сол сияқты, үшінші бөлімінде алгебра және математикалық анализ элементтері пәні МЖББС сай тақырыптар бойынша тапсырмалар құрастырылып, күрделі есептерді толыққанды шығару жолымен , ал орташа деңгейлі есептердің нұсқаулығы көрсетілген, ал оңай есептердің тек дұрыс жауабы көрсетілген.

Үшінші және төртінші тарауда туынды табу кестесі мен функцияны зерттеуде туындыны қолдану тақырыптары толығымен қарастырылады. Бұл жердегі мектеп бағдарламасын қайталау емес, соған қоса маңызды теоремалар баяндалған.

Ал 5-9 тарауларды алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірудегі дифференциалды есептеулердің қоршаған ортада, теңдеу мен теңсіздікті шешуде, ауру таралуының моделін құрастыруда, сонымен қатар бизнестегі сұраныс пен кіріс-шығысты есептеуде қолданысын толық ашып көрсетеді.

Оқу  үрдісін ұйымдастыру  формалары:

–  Бағдарлама  құрылымы  дәстүрлі  сабақтар  өткізуден,  белгілі–бір  тақырыптар  бойынша  дәрістер  оқудан (практикалық  сабақтар, семинарлар,  жалпылама  сабақтар және т.б. ) тұрады.

Оқушылардың сыныптық (аудиториялық) және  өзіндік жұмыстарының өзара байланысы:

–  Берілген  курсты  жоғары  дәрежеде  меңгеру  үшін  олимпиадалық тапсырмаларға өздік жұмыстар бойынша жүргізуге ерекше мән беріледі.

 –  Курсты  оқу  барысында  оқушылар  үшін  өздік жұмыстармен  айналысуға  үлкен  мүмкіндіктер қарастырылған.

 – Курс бағдарламасы бойынша оқу барысында оқушылар практикалық  және  дәріс  сабақтарына,  семинарларға қатысады және жеке жұмыс істеп үйренеді.

Қорытынды бақылау :

–  Оқушылардың  білімі  мен  дағдысын  бағалау  курстың  негізгі  мәселелері  бойынша  олимпиадағ дайындыққа байланысты  сұрақтардан  (тапсырмалардан)  тұратын  қорытынды  тест  арқылы  өткізіледі.

Оқытудың көлемі  мен мерзімдері:

-Курс  бағдарламасы  бойынша  34  сағат теориялық және практикалық сабаққа есептеліп құрылған.

Жұмысты толық көру…