РЕЦЕНЗИЯ №102 – 11.10.2022 ж.


Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, 1 мамыр ауылы «№40 А. Қыраубаев атындағы орта мектебінің» педагог-зерттеушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.К. Жусанбаеваның

 «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру» атты бағдарламада білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру мақсат етілген.

          Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету, оқушының білім алу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру, білім беру мазмұнын жаңғырту және оның компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру көзделген.

Курс бағдарламасы 34 сағатқа бөлінген. Сабақтарды ұйымдастыруда интерактивті тақта, стикер, смайликтер, көрнекіліктер қолданылған. Оқушыларды бағалауда «Отшашу», «Шапалақ», «Екі жұлдыз бір тілек» әдістері, смайликтер арқылы бағалау басшылыққа алынған. Аталған бағалау жүйесі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, өзін-өзі бағалауына жол ашады.

Қорыта айтқанда, М.К. Жусанбаеваның «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу-тәрбие үдерісінің ізгілендіру жүйесін қалыптастыру» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдері өз тәжірибесінде қолдана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

ф.ғ.к.:                                                                               Л.Н. Дәуренбекова