РЕЦЕНЗИЯ №103 – 11.10.2022 ж.


Алматы қаласы, Алмалы ауданы «№96 жалпы білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Г. Уразованың

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері туралы әдістемелік құрал» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері туралы әдістемелік құрал» атты авторлық бағдарлама қазақ тілін оқытуға деген жаңа көзқарас, қазақ тілін оқытудың принциптері, қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері деген үш тарауға бөлініп ұсынылған.

          Авторлық бағдарламаның бірінші тарауында қазақ тілі әдістемесінің мәселелері, қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері, қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы ашып көрсетіліп, талданады. Екінші тарауда  қазақ тілін оқытудың принциптері, ғылымилық принципі, жүйелілік принципі, көрнекілік принципі, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны практикамен байланыстыру принципі, түсінуге жеңіл қолайлылық принципі, оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру принциптері қарастырылады. Бағдарламаның қорытынды бөлімінде зерттеу мәселесі бойынша жасалған тұжырымдар мен  ұсыныстар  беріледі.

          Жалпы айтқанда, әр тараудың тақырыбы айқын. Дегенмен авторлық бағдарламада теориялық мәселелерге баса назар аударылып, тәжірибелік жұмыстардың үлгісі ұсынылмаған. Авторлық бағдарламада педагогикалық технология мен оқыту әдістері ұсынылуы керек. Бағдарлама мәтінін де тексеруден өткізу қажет. Бағдарлама мәтінінде курстық жұмыс деген сөз кездеседі (8-бетте). Осы ескертулер назарға алынып, түзету жұмыстары жүргізілсе, бағдарламаны мектеп мұғалімдеріне қосымша құрал ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

PhD (философия докторы):                                                 М. Аманғазықызы