Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде жаңа технологияларды қолдану тиімділігі


Фазылахметова Гульнар

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  «Науырзым  ауданы білім  бөлімінің  Мереке негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде жаңа технологияларды қолдану тиімділігі

Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.

Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой – өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан – жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми – зерттеу дағдыларын қалыптастыру.Өз жұмысымда мен жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланып жүрмін. Соның ішінде АКТ пайдалану, СТО технологиясы, Блум технологиясы,Флеш BIBLIO.Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

АКТ пайдалануда көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық презентациялар,слайд, видео, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер т. б. Олар сабақты түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды да әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. Презентация жасау, материалдарды таңдап алуда, презентацияның құрамын ойластыруда, оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді. Ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану арқылы сабақтарда біз оқушылардың оқу дағдыларын дамытамыз. Интернетте алған материалдарды пайдаланамыз, жазбаша біліктіліктерін арттырамыз, сөз қорларын кеңейтеміз және шәкірттерміздің шығармашылығын арттырамыз.