АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Бастауыш сыныптардағы математикалық логика


Хавдеш Ф.   – Ақмола облыстық білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Волгодоновка ауданының жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Түсінік хат

        Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру. Бастауыш білім- жалпы орта білім алудың негізгі базасы.Тек өздігінен оқи алғанда ғана оқушы білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретіні анық. Ол үшін оқушы оқу еңбегінің дағдысы мен икемділігін қалыптастыру керек. Кейбір оқушылар күрделі мәселелер шешімін оңай тауып,ал кейбіреулері  күнделікті  жәй тапсырмалардың шешуін таппай тығырыққа тіреліп жатады. Бірыңғай дұрыс шешім қабылдау үшін жағдайды дұрыс бағалауды қалай үйренуге болады? Өмірлік  жетістіктерге жету үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы қажет? Оқушылар ақпаратты қабылдап қана қоймай,оны меңгеру технологиясын игеруі қажет.  Бұл үшін ” Бастауыш сыныптардағы математикалық логика ” атты дамыту курсының тигізер көмегі зор.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) басшылыққа ала отырып,1-4 кластарда танымдық қабылеттерін логикалық ойлау тұрғысынана жан- жақты дамыта білім беру мақсатында «Бастауыш сыныптардағы математикалық логика» тақырыбымен элективтік  курс бағдарламасы дайындалды.

        Бұл  бағдарламада  тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Әр сабақ сайын қиындайды, көлемі үлкейіп, күрделенеді, сөйтіп балалар жалықпай, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Тапсырма баға қоюға бағытталмаған, керісінше, оқыту мен дамытуды көздейді. Сол себепті логикалық тапсырмалар, жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.  Бұл – көңіл бөлу, елестету,  есте сақтау мен ойлау. “Бүгін және әрқашан өзің үшін жаса!” -міне, математика  және  логика  курсының негізгі тақырыбы.” Бастауыш сыныптардағы математикалық логика ” курсы ойлау, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, шектеу, жіктеу,мойындамау(терістеу), сұрыптау, ой тұжырымы, есте сақтау, зейінді дамыту секілді тапсырмалармен қамтылған.                                                                  

Вариативтік оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін туғызу.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Оқытудың вариативтік негізінде құрастырылған таңдау курсы бастауыш сынып оқушыларына арналған.1-4 сыныптарда “Бастауыш сыныптардағы математикалық логика ” курс бағдарлама  үлгісі 1-сынып аптасына 1-сағат, жылына 35 сағат , 2- 4 сыныпта аптасына 1 – сағат,  жылына 36 сағат  жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын үлгіге ала отырып,  оқушылардың алған білім,  білік, дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2022-2023 оқу жылындағы ҚР – ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқау хатты негізге ала отырып пәнді оқытуда оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында таңдау пәндері қосымша пайдаланылады.

«Бастауыш сыныптардағы математикалық логика»  сабақтары жүйесіндегі ұсынылған есептер мен жаттығулар үш түрлі мақсатты көздейді, олар: танымдық, дамытушылық. тәрбиелік.

Танымдық мақсаты.

Есте сақтаудың түрлері, қиял мен зейінді қалыптастыру, дамыту.Жаңа шешімдерді іздеу, қажетті нәтижеге жету, ерекше тәсілдерін табу.

Дамытушылық мақсаты.

Ойлау мен тіл бір–бірімен тығыз байланысты. Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру жіктеу  болса, керектісін  дәлелдеу, пікірін айту, өзгемен хабарласу, жауап беру тіл арқылы жүзеге асады. Осыған  сәйкес сөйлеуді дамыту.Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тіл дамыту. Қиялдау,  елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты.

Тұлғааралық қатынастың  тәрбиелік жүйелері.  Қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.Алған білім-білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету, ізденімпаздыққа, өз-өзіне  сенімді болуға тәрбиелеу.

Курстың міндетті:

-Курстың басты міндетті- оқушыларға білім жүйесінің негіздерін меңгерту,тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру,оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін молайту.

-Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

-Өзіндік жұмыс жағдаяттарын тиімді  шешу.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, логика негіздері, ұлттық дүниетаным.

Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.

Оқушылар білуі тиіс:

–  өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуге дағдылану

– теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білу

– өз қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білу

– күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс әрекеттің ерекшелігін бақылау әдісін қолдану арқылы анықтау

Оқушылар істей алуы тиіс:

өзгеше және шапшаң ойлау

– әрекетті немесе нәтижені сынау

– өз көзқарасын және өз ойын ашық айту

– тірек сөздермен, мұғаліммен және дербес жұмыс жасау

Күтілетін нәтиже:

Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,  өз бетімен жұмыстануға,  дәлелдеуге, салыстыра отырып пікір айтуға,  есте сақтауға,  өз-өзіне сеніммен қарауға, жаңа шешімдерді іздей білетін  тұлға қалыптастыру.

Сауатты оқуға, түсінуге, ажыратуға, салыстыруға алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.

Толығырақ…