Рецензия №0146 – 10.03.2023 ж.


Жетісу облысы, Сарқан ауданы, «Әл-Фараби атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы бар және Еркін бастауыш мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Б.Т.Тургумбекованың «Бастауыш сынып оқушыларының тілдік-коммуникативтік құзіреттілігін тіл дамыту сабақтары арқылы қалыптастыру» атты авторлық бағдарламаға

ПІКІР

          Автор Б.Т.Тургумбекованың «Бастауыш сынып оқушыларының тілдік-коммуникативтік құзіреттілігін тіл дамыту сабақтары арқылы қалыптастыру» атты авторлық бағдарламасының рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, шрифты таңдауы, интервалдары талапқа сай.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Бағдарламаның өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі, өзектілігінің негіздемесінің болуы, жасап отырған бағдарламаның жаңалығы) айқындалған.

          Авторлық бағдарламада бастауыш сынып оқушыларының тілдік-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары тіл дамыту, логикалық тапсырмалар арқылы берілген.

          Авторлық бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Жалпы, Б.Т.Тургумбекованың «Бастауыш сынып оқушыларының тілдік-коммуникативтік құзіреттілігін тіл дамыту сабақтары арқылы қалыптастыру» атты авторлық бағдарламасын бастауыш сынып мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева