РЕЦЕНЗИЯ №144 – 10.03.2023 ж.


«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі 54 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш пәні мұғалімі А.Т.Шакированың «Оқушылардың грамматикалық сауаттылықтарын арттыру жолдары» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

Автор А.Т.Шакированың «Оқушылардың грамматикалық сауаттылықтарын арттыру жолдары» атты авторлық бағдарламасы талапқа сай рәсімделген. Жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және бағдарламаның көлемі, интервалдары талапқа сай рәсімделген.

Бағдарламаның педагогикалық тұтастығы, оның ішінде оқыту мақсаттарына жетуде таңдалған әдістері айқындалған. Сабақ жоспарларында теория мен практиканың бірлігі сақталған.

 Бағдарлама 34 сағатқа есептелген. Бағдарлама тақырыптары оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейін ескере отырып құрастырылған. Сонымен қатар, бастауыш сынып педагогтарының әдістемесі желісінде құрылған. Ұсынылып отырған тақырыптар тәжірибеде кеңінен қолданылу үшін толық сараптаудан өткізілген.      

 Жалпы, А.Т.Шакированың «Оқушылардың грамматикалық сауаттылықтарын арттыру жолдары» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында ұсынуға болады деп есептеймін.

Ұсыныс: 1) Авторлық бағдарламаның титул бетінен кейінгі екінші бетінде біраз қателіктер орын алған («білім бөлімінің» деген сөз тіркесі екі рет жазылған, автордың аты-жөнін жазуда да қателіктер орын алған), сол қателіктерді жөндеу қажет; 2) Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеу керек.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева